«Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің «Сән және костюм дизайны» кафедрасы XV Республикалық пәндік олимпиаданың 1-ші турын өткізді. Конкурсқа «Сән және костюм дизайны» мамандандыруының 2-ші, 3-ші курс студенттері (19 адам) және «Сахналық костюм» мамандандыруының студенттері (7 адам) қатысты.
Конкурстың тақырыбы – «Қазақстанның креативтік өнері» .
Тапсырма: таңдалған шығармашылық түпнұсқа негізінде костюмнің бейнелік-ассоциативтік қалыбын
а) эскиз ретінде салу
немесе
б) түйреу әдісімен манекенге қалыптастыру.
Конкурстық комиссияның студенттер орындаған жұмыстарды талқылауы және бағалауы нәтижесінде жүлделі орындарға келесі студенттер ие болды:
а) «Сән және костюм дизайны» мамандандыруы бойынша:
1-ші орын:
Хафизолла Аида (2 курс, Сж/еКД) – суретші Рашид Құлбатыровтың «Көшпенділер» атты картинасын шығармашылық түпнұсқа негізінде қолдана отырып салған костюм эскизі үшін.
2-ші орын:
Талғат Нұрсауле (2 курс, Сж/еКД) – суретші Гульфайрус Исмаилованың «Алпамыс» операсына салған костюм эскиздерін шығармашылық түпнұсқа негізінде қолдана отырып салған «Жақсылық пен жамандық» атты эскизі үшін.
2-ші орын:
Куандыкова Перизат (2 курс, Сж/еКД) – мүсінші Зұлқайнар Кожамкуловтың металлолом және автозапчасттерден тұратын «Металлмен шабытталған» атты мүсінін шығармашылық түпнұсқа негізінде қолдана отырып салған эскизі үшін.
3-ші орын:
Санамасова Айша (3 курс, Сж/еКД) – суретші Алмас Нұрғожаевтың «Қызыл кітап» картинасын шығармашылық түпнұсқа негізінде қолдана отырып салған «Қанды жебе» атты эскизі үшін.
3-ші орын:
Жүніс Алуа (3 курс, Сж/еКД) – гобеленші Гүлназым Өмірзақтың «Ел» атты гобеленін шығармашылық түпнұсқа ретінде қолдана отырып салған «Шабыт» атты эскизі үшін
3-ші орын:
Сағынова Жұлдыз (2 курс, Сж/еКД) – суретші Әбілхан Қастеевтің «Қалыңдық ұрлау» картинасын шығармашылық түпнұсқа ретінде қолдана отырып салған эскизі үшін
б) «Сахналық костюм» мамандандыруы бойынша:
1-ші орын:
Нүсіп Тоғжан (3 курс, СК) – драматург К.Шахимарданның «Томирис» пьесасы бойынша кейіпкер «Томирис»-тің және Морис Метерлинктің ««Көк құс» пьесасы бойынша кейіпкер «Көк құс»-тың костюмдерінің қалыбын манекенге түйреу әдісімен қалыптастырғаны үшін
2-ші орын:
Рахымберді Аяужан (3курс, СК) драматург Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» атты музыкалық пьесасы бойынша кейіпкер «Изольда» костюмінің қалыбын манекенге түйреу әдісімен қалыптастырғаны үшін
2-ші орын:
Жаңбырбай Айдана (3курс, СК) – «Мазасыз теңіз» тақырып бойынша бейнелік-ассоциативтік елестету негізінде «Теңіз»-бейнесінің қалыбын манекенге түйреу әдісімен қалыптастырғаны үшін
3-ші орын:
Исабек Аружан (3курс, СК) – Гомердің «Одиссея» атты ежелгі грек поэмасы негізінде кейіпкер «Навсикая» костюмінің қалыбын манекенге түйреу әдісімен қалыптастырғаны үшін.
3-ші орын:
Тоқай Аяжан (3 курс, СК) – М.Әуезовтың «Қаралы сұлу» әңгімесін және Е.Сидоркиннің «Жесір әйел» литографиясын шығармашылық түпнұсқа ретінде қолдана отырып, түйреу әдісімен манекенге орындаған «Қарагөз» атты костюм қалыбы үшін
3-ші орын:
Қабдолова Балерке (3курс, СК) – Г.Х.Андерсеннің «Қар патшайымы»
атты ертегісі бойынша манекенге тұйреу әдісімен қалыптастырған «Қар патшайымы» атты қостюм қалыбы үшін