• 22.11.2024

Конституция күні

Авторkaznai

Авг 30, 2021

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы барша қазақ елін мемлекет тәуелсіздігінің берік негізі саналатын — Ата Заңның туған күнімен құттықтайды.

Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңымызға биыл 26 жыл! Осы уақыт аралығында қоғамның әл-ауқатының артуына қол жеткізіп, бейбітшілік пен келісімді қалыптастырдық. Бүгінде уақыт сынынан сүрінбей өтіп, еліміздің тұрақты дамуының кепілі болып отыр.

Қазақстан халқы үшін сенімді болашақты қамтамасыз ететін Ата заңымыз елімізді одан әрі дамытуға септігін тигізе береді. Ал әрбір азаматтың құрметті парызы және қасиетті міндеті — сол Ата заңның қағидаттары мен нормаларын ұстану, конституциялық құндылықтарды қорғау, қағидаларын мүлтіксіз орындау.

Осы мерекеге орай барша қазақстандықтарға бейбіт өмір, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз. Ел іргесі аман, келешегіміз жарқын болсын!

Академия_Құттықтайды

Приемная комиссия