2021 жылы қыркүйек айының 19-ы күні, сағат:10.00-де, Алматы қаласындағы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мұражай және галереясы, «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің ұйымдастыруымен, сонымен бірге Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алматы әуендері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен бірлескен, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және әсем қала Алматымыздың қала күні мерекесіне орай студенттік пленэр ұйымдастырылады.
Академия жанындағы саябақта натюрморттық қойылымдардан студенттік пленэр өтеді. Натюрморттың композициялық негізі Алматы қаласының символына айналған «апорт» алмасынан құралады. Үш текшелі композицияны Алматы апортымен, қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдары бірін-бірі толықтырып, үйлескен түрде керемет көркемдік көрініс табады.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушы студенттерге сертификаттар табыс етіледі. Қазақстандағы коронавирус қаупіне байланысты санитарлық нормалар қатаң сақталады.