• 21.11.2024

Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Жеке ән салу» кафедрасының ұстаздары Тәуелсіздікке тарту жасап, мерекеге арнайы әннен шашу шашты.

Азаттық аңсаған елдің арманы осыдан 30 жыл бұрын орындалып, шегарамыз шегенделіп, Қазақстан өз мемлекеттілігін жариялаған болатын. Бабалардың өр рухы мен тағдыр жазуының арқасында бүгінгі ұрпақ бейбіт аспан астында өмір сүріп отыр. Тәуелсіздік — құны өлшеусіз асыл қазына, Қазақ халқының басына қонған бақ. Қазақта «Бағалай білмегенге бақ қонбайды» деген жақсы сөз бар. Ендеше, қол жеткен жетістікті ұстап тұру, оны жаңа биіктерге шығару үлкен күш-жігерді талап етері анық. Тәуелсіздіктің артар міндеті мол.

Еңсеміз тік, жұлдызымыз жоғары болсын! Ел қойнауы құт-берекеге толсын!

Тәуелсіздікке30жыл
ЖүргеновАкадемиясы
ЖекеӘнСалуКафедрасы
Приемная комиссия