«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» оқу орнының базасында Алматы қаласының «Қауіпсіз орта» ЖОО психологиялық қызметтерінің Үйлестіру ұйымдастыру отырысы. 11.03.2022 ж.
Қаланың «Қауіпсіз орта» ЖОО психологиялық қызметтерінің Үйлестіру кеңесін құру қажеттілігін «Қауіпсіз орта» Халықаралық форумының қатысушылары тұжырымдаған болатын. Форум 2021 жылдың 7 желтоқсанында «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» оқу орнының базасында өтті. Студенттік ортадағы деструктивті мінез-құлықтың алдын алу мәселелерін талқылау қазіргі заманғы маман дарярлаудың тиісті деңгейін, оның психологиялық тұрақтылығы мен іске асырылуын қамтамасыз ету үшін ЖОО психологиялық қызметтерінің университетаралық өзара іс-қимылының қажеттілігін көрсетті.
«Қауіпсіз орта» қалалық психологиялық қызметтердің Үйлестіру кеңесі – тәжірибе алмасу, өзара іс-қимылды ұйымдастыру және Алматы қаласындағы ЖОО психологиялық қызметтері қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында құрылатын консультативтік-кеңесші орган ретінде жұмыс жасайды.