• 24.11.2024

«Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Авторkaznai

Июл 26, 2021

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Кафедра атауыКафедра меңгерушісіПрофессорДоцентАға оқытушыОқытушы
Актер шеберлігі және режиссура1 (актер. шебер.)2 (2- актер. шебер.)
Жеке ән салу1
Сахна пластикасы және дене тәрбиесі1 (сахна қозғал.)
Эстрадалық вокал1 (қазіргі заманғы би)
Экрандық өнер режиссурасы1 (анимация)
Дыбыс режиссурасы және операторлық өнер1 (дыбыс режиссура)3 (2-дыбыс режиссура, 1-оператор шеберлігі)
Арт-менеджмент және продюсерлеу1 (қаржы)2 (1-фандрайзинг, 1- қазіргі.мәдени саясат)
Театр өнерінің тарихы мен теориясы2
Көркемсурет4 (2-мүсін, 1-кескіндеме, 1- МҒЗЖ)
Дизайн1 (перспектива)1 (қазіргі заманғы құрылыс материалдары)1 (түстану)
Хореография педагогикасы2 (1-балет драматургиясы, 1- классик.би негіздері)
Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар1 (психология)
Компьютерлік технологиялар1 (ICT)2 (1-ICT, 1-3D анимация)

Профессор–оқытушы құрамының лауазымдарына орналасуға арналған конкурс ҚР МСМ «Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ Ғылыми кеңесінің 2021 жылғы 26 наурыздағы (№8-хаттама) шешімімен бекітілген   ҚР МСМ «Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына конкурстық орналасу туралы ережеге сәйкес жүргізіледі.

Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:

  1. Кафедра меңгерушісінде  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 7 жыл, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары, білім менеджменті бойынша  біліктілікті арттыру  курстарынан өту туралы сертификаттың (куәлік) болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  2. Профессорда жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе  профессор/қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 10 жыл, соның ішінде доцент лауазымында  кемінде 5 жыл,  оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  3. Доцентте жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе  қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы және/немесе  Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 7 жыл, соның ішінде аға оқытушы лауазымында  кемінде 5 жыл, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  4. Аға оқытушыда  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, соның ішінде оқытушы лауазымында  кемінде 3 жыл немесе кафедраның тиісті бейінінің мамандығы бойынша тәжірибелік (шығармашылық) жұмыс  өтілі кемінде 7 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі және/немесе  Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  5. Оқытушыда  кафедраның тиісті бейінінің мамандығы бойынша жұмыс  өтілі кемінде 3 жыл  болған жоғары білімі және/немесе магистр академиялық дәрежесі, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.

Доцент, профессор лауазымдарына орналастыру бойынша конкурсқа мамандығына сәйкес ғылыми атағы және ғылыми дәрежесі жоқ, бірақ мамандығы бойынша үлкен тәжірибелік жұмысы бар және танылған, мойындалған жетістіктері бар мамандар жіберіледі.

Конкурсқа қатысушының білімі, ғылыми және академиялық дәрежесі, жұмыс өтілі кафедраның бағдарына сәйкес келуі міндетті.

Артықшылықтар ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы және/немесе құрмет атағы (ҚР мемлекеттік марапаттары) барларға, ағылшын тілін меңгергендерге, алыс шетел университеттерінде оқытушылық тәжірибесі барларға, оқытудың кредиттік жүйесі бойынша жұмыс негіздерін меңгергендерге беріледі.

Конкурсқа қатысқысы келетін тұлғалар Академия ректорының атына өтініш береді. Өтінішке төмендегі құжаттар қоса тіркеледі:

  1. форматы 3,5×4,5 суреті бар мамандарды есепке алу бойынша жеке парақ;
  2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі (3 дана) және салыстыру үшін түпнұсқасы;
  3. барлық қажетті  мәліметтер толық жазылған өмірбаян;
  4. жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  5. қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  6. уәкілетті  тұлғаның қолы мен ұйымның мөрі қойылған,  конкурсқа қатысушының соңғы жұмыс орнымен расталған  ғылыми, оқу-әдістемелік және шығармашылық жұмыстарының тізімі (болған жағдайда);
  7. мекеме басшысы қол қойған мінездеме;
  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде бір жылдан ерте емес жасалған флюорография суреті бар жеке медициналық кітапшасы;
  9. ;тіркелген жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (Алматы қаласы немесе Алматы облысының жақын жатқан аудандары) мөртабаны бар әскери билеттің (тіркеу куәлігінің) көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;
  10. еңбек кітапшасы;
  11. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  12. сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
  13. конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  14. конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

15) барлық оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік құжаттама (ПОӘК және силлабус алдағы оқу жылына арналған оқытушының жеке жоспары бойынша сағаттардың орналасуына сәйкес) және алдағы оқу жылына арналған білім беру бағдарламасы бойынша жобаның презентациясы (электрондық түрде).

          Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.

          Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі 127, № 2 кабинет  (Қызметкерлерді құжаттау және тіркеу қызметі).

Құжаттар 2021 жылдың 26 тамызына дейін өткізілуі керек.

Анықтама телефоны: 8 /727/272-97-85, 8-747-562-59-67.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия