• 22.11.2024

«Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесі. Тіл — тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

Авторkaznai

Сен 5, 2023

Ана тілі — адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан — ұрпаққа сақтап отыратын қазына.

«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Бүгін барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлауда. «Қазақстан халқы тілдері күнін» мерекелеудің негізгі мақсаты – Қазақстан сияқты бірнеше ұлттың өкілдері тұратын мемлекеттегі тілдік ахуалды, тіл құрылысын қалыптастыру мен дамытудың негізгі факторы және ұлтаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді реттеу және Еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерінің осындай киелі қасиеттерімен тығыз байланысты екендігін насихаттау болып табылады. Осыған орай Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының оқытушылары студенттермен атаулы датаны тәрбие сағатымен атап өтті. Білім алушыларға «Тіл — тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбында эссе жаздыртып, білім алушылар мемлекеттік тіліміздің бүгінгі күнгі хал ахуалы жайында сөз қозғап, өз ойларын ортаға салып, сонымен қатар Ұлт Ұстазымыз Ахмет Байтұрсынұлы туралы тың ойларымен бөлісе білді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия