• 24.11.2024

«Qyzğaldaq-2024» ІV Халықаралық студенттік байқау-пленэрі

Авторkaznai

Май 29, 2024

Бүгін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Көркемсурет» кафедрасы және  «Көрмелерді ұйымдастыру және шығармашылық туындыларды сақтау» бөлімінің ұйымдастыруымен «Qyzğaldaq-2024» ІV Халықаралық студенттік байқау-пленэрінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында Академияның ректоры Жүдебаев Арман Әділханұлы қатысушыларды  құттықтап, оларға сәттілік тіледі.
Содан кейін, іс шараны ұйымдастырушылары студенттерді сурет салуға арналған құралдармен жабдықтап, тапсырма берді. Пленэрлік жұмыстар реализм бағытында орындалуы тиіс. Әр қатысушы пленэрде кескіндеме бойынша (майлы бояу, акрил, акварель,) екі жұмыстан жазады. Алғашқы күні олар Алматы қаласының көрікті жерлерінен этюд жазу мақсатында  Панфилов көшесінің бойына шығып, өздері ұнатқан жерге жайғасты. Бұл сайысқа қатысу арқылы жас суретшілер өз кенептерінде Алматы қаласының сұлулығы мен бірегейлігін түсіруге мүмкіндік алды, сонымен қатар басқа елдерден ат терлетіп  келген  құрдастарымен мәдени және кәсіби дағдылар  алмасты.
Биылғы бұл іс шараға Шет елден және Қазақстанның өзге өңірлерінен қатысқан студенттер саны 22 болды.  Олардың арасында Корея, Өзбексан, Қырғыстан елдерінен келген сайыскерлер бар.
Кореядан келген сайыскер Суен Кимнің айтуынша, ол бұл додаға өзге ұлттың студенттерінің жұмыстарын тамашалап, олардың ерекше түстерін көру мақсатында келген көрінеді.  Аздап толқып тұрғанын да жасырмады.
Ендеше жастарға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!  
«Qyzğaldaq-2024» ІV Халықаралық студенттік байқау-пленэрінің қорытындылау күні 31 мамырда өткізілмек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия