Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы «Кино және ТВ» факультеті, «ТВ режиссурасы және операторлық өнер» кафедрасының мегерушісі, доцент, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері – Ерлан Ақшаловты «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленуімен құттықтайды.
Е. Ақшалов ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде, «Тележурналистика» мамандығы бойынша білім алған. Мәскеуде «Мир» МТРА-да жұмыс істеген, РТР үшін бағдарламалар дайындаған. РТА жүргізілген телемарафон сценарийінің қосымша авторы болған. Телекөпірлер де жүргізген. «Молодежный четверг», «На ночь глядя», Тележурнал «Азия», «Студия Интерпрограмм представляет», «Вместе с Ерланом Акчаловым», «Площадь Республики, 4», «Мир» в Казахстане», «Вместе» (ОРТ), «Мусульмане» (РТР), «Лучше быть здоровым», «Собственное мнение», «Отдел специальных репортажей представляет», «Умная экономика», «По следам Эйнштейна», «Казахстан в письмах», «Эксклюзив», «Воинские искусства Великой степи», «Воинские искусства Великой степи. Тюркский мир» секілді бағдарламалар мен сериалдардың жүргізушісі және сценарий авторы болған.
Айта кетейік, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Президентінің 2021 жылдың 2 желтоқсанындағы № 700 Жарлығымен Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыстады.Осы орайда Ерлан Еділұлын лайықты марапатымен құттықтап, толағай табыстар мен алдағы жұмыстарына сәттіліктер тілейміз!