• 25.11.2024

2022 жылдың 9 ақпанында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Әлеуметтік тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімі «Қазіргі қоғамдағы ислам діні мәселелері» атты терроризм, діни экстремизмге қарсы дәріс өткізді. Аталмыш тақырыпта академия студенттеріне Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Дінтану және мәдениет» кафедрасының оқытушысы, Алматы қаласы діни мәселелерді зерттеу орталығының қызметкері Руслан Сарсенбаев кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Талқылауға қатысқан академияның тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Абзал Қуанышұлы студенттерге бірқатар маңызды мәселелер жөнінде түсіндірме беріп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жастар саясаты мәселелері жөніндегі қызметінің басшысы Әскербек Әнуар іс-шараны ашып берді.


Іс-шараның басты мақсаты — жастардың дін туралы түсінігін дұрыс қалыптастырып, теріс ағымға түсіп кетпеуін алдын алу болып табылады. Қазіргі уақытта діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Бұл тақырып өзектілігін жоғалтпайды, өйткені қаңтар оқиғасынан кейін адамзат үшін күрделі проблемаға айналған терроризм мен экстремизм сияқты құбылыстардың көбейгендігі байқалады. Осы факторды ескере отырып, академия кинозалында арнайы студенттер үшін семинар өткізілді. 

Семинарда қоғамдағы дін мен діни ұйымдардың түрлері, көзқарастары, ұстанымдары, мақсаттары туралы кеңінен баяндалды. Дінді теріс бағытта насихаттайтын ұйымдардан бейбіт халықтың өміріне төндірген қаупі, қаңтар оқиғасы туралы айтылды. Әр адам дінді таңдау барысында ерікті және мемлекеттің қорғауында екені сөз етілді. Қоғамдағы дін негізінде білім алатын орындар және ғаламтордың маңызы қозғалды. Адамдардың әлеуметтік және рухани өміріндегі дін мәселелері терең мағыналы әңгімеге ұласты. «Діни экстремизм мен терроризм» бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық мәдени және рухани жағдайына ықпал етіп, өзекті мәселелерінің біріне айналып отырғаны айтылды.

Приемная комиссия