Магистратура – бұл кадрларды даярлаудың қазіргі заманғы «бакалавриат – магистратура-PhD докторантура» үш сатылы жүйесінің екінші сатысы, онда өзінің болашақ мамандығын дәл анықтап алған және ол үшін қандай білім алғысы келетінін нақты білетін адамдар оқуға барады.
Докторантура – бұл білім беру бағдарламалар бойынша «философия (PhD) докторы» жоғары академиялық дәреже алуға мүмкіндік беретін, ғылыми-педагогикалық, өндірістік және инновациялық бағытта әдіснамалық және зерттеу дайындығы бар, сондай-ақ ғылымның тиісті бағыттары бойынша пәндерді тереңдетіп оқытатын кәсіптік жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы.