Биыл белгілі жазушы-публицист, өнертанушы, телевизия майталманы Камал Смайыловтың туғанына — 90 жыл. Қайраткердің есімін ұлықтау мақсатында Алматыда бірқатар шара өтті.
Қазақ Ұлттық өнер академиясында қайраткер атындағы кинозал ашылды. Сондай-ақ, жазушының әр жылдары түскен суреттерінен фото көрме ұйымдастырылды. Шараға Камал Смайыловтың досы Төрегелді Шарманов бастаған бір топ замандастары, шәкірттері мен студенттер қатысты.
Нәзира Елеухан, Камал Смайыловтың шәкірті:
Ол кісі «Қазақфильм» киностудиясын басқарған жылдары ол кісінің қолынан қазақ классикасына айналған айтулы фильмдер дүниеге келді. «Қыз Жібек», «Транссібір экспресі», «Тақиялы періште», «Көксерек» мұның барлығы қазақ киносына қалған үлкен қазына.