Баймуханова Снежана Зайнуловна
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының философия докторы (PhD) дәрежесiн беру жөніндегі докторлық диссертацияларды қорғау бойынша «8D0421-Өнер» Диссертациялық кеңесі «6D041600-Өнертану» мамандағы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға байланысты «Методология визуальных решений в кинооператорском искусстве Казахстана (1930-2020 гг.)» тақырыбында жазылған Баймуханова Снежана Зайнуловнаның диссертациялық жұмысы қорғалатынын хабардар етеді. Диссертациялық жұмыс орыс тілінде жазылған, «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасында дайындалған.
Ғылыми кеңесшілер:
Нөгербек Баубек Бауыржанұлы – PhD докторы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының меңгерушісі.
Мартонова Андроника – PhD докторы, профессор, Болгар Ғылым академиясы Өнертану институты директорының орынбасары (София қ., Болгария).
Ресми рецензенттер:
Смаилова Инна Тлековна – өнертану кандидаты,Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры (Астана қ.).
Ергебеков Молдияр Амангелдіұлы – PhD докторы, Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Журналистика» қауымдастырылған профессоры (Түркістан қ.).
Қорғау мәжілісіндегі диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Хакимов Азат Серикович – PhD докторы, Алматы менеджмент университеті (AlmaU) Медиа және кино мектебінің профессор-практигі.
Мұқан Амангелді Оразбайұлы – өнертану кандидаты, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер Институты «Театр және кино» бөлімінің меңгерушісі.
Усувалиев Султан Ильясович – өнертану кандидаты, Орталық Азиядағы Американдық университеті (AUCA), «Телевизия, кино және медиа өнер» факультетінің оқытушысы. (Бішкек қ., Қырғызстан).
Диссертациялық қорғау 2025 жылдың 24 маусымында сағат 15:00 Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоратында өтеді.
Қорғау аралас форматта (онлайн/офлайн) өтеді.
Конференция идентификаторы: 670 635 6048
Кіру коды: 2022
Search
Announcements

17.05.2025

23.04.2025

18.04.2025