• 22.12.2024

Бос азаматтық лауазымға конкурс жариялайды:

Авторkaznai

Авг 15, 2023

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі бос азаматтық лауазымға конкурс жариялайды:

Атауы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Орналасқан жері: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127

Байланыс телефондары: 8/727/272-97-85

Электрондық пошта: kaznai@art-oner.kz

Лауазым: кино және ТД факультетінің деканы — 1 бірлік.

Азаматтық қызметшінің лауазымдық жалақысы:

КатегорияЕңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақы (тенге)
-нандейін
А 2-1103 350125 649

Негізгі функционалдық міндеттері:

  • 1) кафедра меңгерушілеріне, факультет ұжымы мен студенттеріне әкімшілік басшылықты жүзеге асырады;
  • 2) пәндердің жұмыс оқу бағдарламалары мен силлабустарын; элективті пәндер каталогын; студенттердің жеке оқу жоспарларын бекітеді;
  • 3) кәсіптік бағдар беру жұмысын және факультетке қабылдауды ұйымдастырады және жүргізеді;
  • 4) оқу сабақтарының, емтихандардың, сынақтардың кестесін жасауға басшылық жасайды және оның орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
  • 5) оқу үдерісін, оқу жаттығу сабақтары мен кәсіптік тәжірибелерді ұйымдастыруды бақылайды және реттейді;
  • 6) студенттердің өзіндік жұмысын, оның ішінде оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысын, студенттердің жеке оқу жоспарларының орындалуын бақылауды ұйымдастырады;
  • 7) студенттерді курстан курсқа ауыстыруға ұсыныс дайындайды;
  • 8) студенттерді емтихан сессияларына жіберуді жүзеге асырады. Курстық емтихандарды мерзімінен бұрын тапсыруға және қайта тапсыруға рұқсат береді;
  • 9) қажет болған жағдайларда емтихандар мен сынақтарды қабылдау жөніндегі комиссияны құрады;
  • 10) студенттерді мемлекеттік емтихан тапсыруға, дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға жібереді;
  • 11) бітірушілерді қорытынды аттестаттаудан өткізу жөніндегі факультеттің мемлекеттік аттестаттау комиссиясының құрамына, сондай-ақ факультеттің қабылдау комиссиясының құрамына кіреді;
  • 12) студенттерді оқуға қабылдауға, оқудан шығаруға және қайта қабылдауға ұсынады;
  • 13) білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар төлеу ережесіне сәйкес факультет студенттеріне стипендия тағайындауға ұсыныс дайындайды;
  • 14) кафедраларда, зертханаларда, ғылыми студенттік үйірмелерде, ғылыми студенттік ұйымдарда жүргізілетін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесінің және/немесе ғылыми атағының және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атағының болуы, білім беру ұйымдарында басшы және ғылыми-педагогикалық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, білім менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және жоғары білім беру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді; білім беру жүйелерін басқару теориясы мен әдістерін; оқу жоспарларын жасау тәртібін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; оқу жұмысы бойынша құжаттаманы жүргізу ережелерін; педагогиканы, физиологияны, психологияны; кәсіптік оқыту әдістемесін; студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы түрлері мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек туралы заңнаманы; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын; білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі стратегиялары мен бағыттарын;  жастар мен балаларды тәрбиелеудің ұлттық идеологиясын; қазіргі заманғы педагогикалық менеджмент және стратегиялық басқару әдіснамасын білу.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Академия ректорының атына өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

  1. 3×4 пішімінде фотосуреті бар кадрларды тіркеу жөніндегі (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондарын көрсете отырып) жеке іс қағазының толтырылған үлгісі;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. барлық қажетті мәліметтер толық келтірілген өмірбаяны;
  4. лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы дипломдардың қосымшасымен бірге көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;
  5. қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
  6. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есепке алу деректерінің бар болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  7. сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  8. конкурсқа қатысушының Психоневрологиялық ұйымда есепте тұрмайтыны туралы анықтама;
  9. конкурсқа қатысушының наркологиялық ұйымда есепте тұрмайтындығы туралы анықтама;
  10. әскери билеттің немесе тіркеу куәлігінің көшірмесі (әскери міндеттілерге);
  11. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
  12. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде бір жылдан ерте емес жасалған флюорография суреті бар жеке медициналық кітапша;
  13. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде бір жылдан ерте емес жасалған флюорография суреті бар жеке медициналық кітапша.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар)  қатысты қосымша ақпараты бар болған жағдайда конкурсқа ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды келесі мекен-жайға тапсыру қажет: Алматы қ., Панфилов к-сі, 127, № 2 кабинет (қызметкерлерді құжаттау және тіркеу қызметі).

Құжаттар 2023 жылғы 29 тамыздан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.

Анықтама телефоны: 8 /727/272-97-85.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия