• 19.03.2024

“Дәстүрлі музыкалық өнер” кафедрасы

  • ҚазҰӨА
  • “Дәстүрлі музыкалық өнер” кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Оқытушылар құрамы

«Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасы 2008-2009 оқу жылында «Дәстүрлі мәдениет және өнер» кафедрасының негізінде ашылған болатын. Қазіргі уақытта  кафедрада 5В040400 – «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығы, «Халық әндері» және «Халық аспаптары» мамандандыруы бойынша бакалаврларды дайындау жүзеге асырылады.

  • 2008-2009 жылдары кафедраны ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Қосбармақов Е.А.
  • 2009-2012 жылдары – ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Абдуалиев А.Ж. басқарды.
  • Қазіргі таңда кафедра меңгерушісі ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Стамғазиев Р.Ө. болып табылады.

 Кафедрада музыкалық орындаушылық өнер мен музыка ғылымы саласындағы белгілі мамандар қызмет атқарады: ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Стамғазиев Р.Ө.; ҚР-ның мәдениет қайраткерлері Жанпеисов Н., Абуғазы М., Мұқышев Т. (өнертану ғылымдардың кандидаты, «Құрмет» орденінің кавалері); ҚР-ның құрметті білім беру қызметкері, «Этнографиялық және этнологиялық зерттеулер» номинациясы бойынша Еуразиялық әдебиет сыйлығының күміс иегері, өнертану ғылымдардың докторы, профессор, «Құрмет» орденінің кавалері Мұхамбетова А.И.; ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Момынов П.Н.; өнертану ғылымдардың докторы, профессор Омарова Г.Н.; өнертану ғылымдардың кандидаты Сабырова А.С.; өнертану ғылымдардың кандидаты, доцент Мұсағұлова Г.Ж.; Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары Даржанова Ш., Нұрмолдин С. М. Медеубек және т.б

Кафедраның мықты ғылыми және педагогикалық әлеуетінің арқасында кафедрада 2012ж. магистратура (6М040400 – «өнер магистрі» мамандығы), 2013ж. – PhD докторантура (6D041600 – «Өнертану», «Музыка тарихы иен теориясы» мамандандыруы) ашылды.

Кафедраның зор шығармашылық және ғылыми-зерттеу әлеуеті кафедра оқытушылары мен студентерінің Республикалық және Халықаралық конкурстарға, республиканың концерттік өміріне (сонымен қатар үкіметтік концерттерге), шетелдерге гастрөлдік сапарларға, жеке концерттерге, радио мен теледидар бағдарламаларына, монографиялар мен мақалалар жинақтарын, оқу құралдары және бағдарламаларды басып шығаруға, Республикалық және Халықаралық конференцияларға белсенді қатысуы, отандық және шетелдік басылымдарда ғылыми мақалаларды жариялауы арқылы ашылады. Кафедра оқытушылары үнемі әр түрлі конкурстар мен фестивальдердің қазылар алқасы құрамында жұмыс істейді.

Дәстүрлі музыка өнері саласындағы білім беру үрдісінің тиімділігін және сапасын арттыру негізінде мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру, Республиканың, сондай-ақ шетелдің алдыңғы қатарлы білім беру және мәдени ұйымдарымен өзара интеграциялық іс-әрекетін күшейту, музыкалық өнер саласында мамандар даярлауда кафедраның негізгі мақсаты мен міндеттері болып табылады.  

Приемная комиссия