• 19.03.2024

Оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру қызметі

  • ҚазҰӨА
  • Оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру қызметі

Оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру қызметінің құжаттары

Оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру қызметі (бұдан әрі – ОҮЖҰҚ) Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (бұдан әрі -Академия) дербес құрылымдық бөлімшесі  болып табылады.

      ОҮЖҰ қызметінің негізгі мақсаты: оқу қызметінің  барлық түрлерін жоспарлау, басқару, үйлестіру және бақылау болып табылады.

ОҮЖҰ қызметі студенттерді оқытудың жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін Академияның оқу үдерісін ұйымдастыру жағдайларын дамытуға бағытталған.

ОҮЖҰҚ негізгі міндеттері:

  • – Оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру,
  •  – Оқу үдерісінің  сапа жүйесін ұйымдастыру;
  • – Академиядағы оқу жұмысын үйлестіру;

-МЖМБС талаптарына, ҚР ҒЖБМ нұсқауларына сәйкес жоспарлы құжаттаманы (Академиялық күнтізбе, оқу жұмыс жоспарлары, анықтамалық -нұсқаулық, студенттердің жеке оқу жоспарлары, оқытушылардың жеке жұмыс жоспарлары-есебі және т. б.) әзірлеуді ұйымдастыру және бақылау;

– Оқу жұмысына байланысты есептерді дайындау;

-Оқу қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша жылдық есепті жасау және оқу үдерісінің, емтихан сессияларының барысын бақылау;

– Білім алушылардың үлгерімінің нәтижелері бойынша, кафедралардың, деканаттардың және т. б. жоспарлау және есеп беру құжаттары бойынша академиядағы оқу жұмысының жай-күйін бақылау, есепке алу, талдау және бағалау.

ОҮЖҰҚ құрылымына мыналар кіреді:

  • 1) Студенттер бөлімі;
  • 2) Офис-тіркеушілер бөлімі;
  • 3) Оқу үдерісін үйлестіру бөлімі.
Приемная комиссия