• 19.03.2024

Жатақхана

Жатақханаға орналасу туралы ақпарат

1.Жатақханадағы орындарды студенттер арасында құрамына мыналар кіретін факультеттердегі комиссиялар бөледі:

  • Факультет деканы;
  • Факультет деканының орынбасары;
  • Студенттік кәсіподақ өкілі;
  • Факультеттің студсоветі.
  1. Жалпы конкурс комиссиясының құрамы Академия Ректорының бұйрығымен бекітіледі.
  2. Конкурстық комиссия жатақханадағы орындарды бөлуді негіздер мен кезектілікті ескере отырып, мынадай басым тәртіппен жүзеге асырады:
  • мүгедектер қатарындағы кемтар адамдар, бала кезінен мүгедектер, I және II топтағы мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, екі немесе бір ата-анасының мүгедектігі болған кезде;
  • кәмелетке толған кезде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы адамдар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға келіп түскен ауыл жастары қатарындағы адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын оралмандар;
  • «Алтын белгі» белгісі, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және (немесе) конкурс жеңімпазының сертификаттары бар бірінші курс студенттері, сондай-ақ оқу орнын үздік бітірген студенттер білімі туралы растайтын құжаты (куәлік, аттестат, диплом) бар);
  • Ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе Кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған бірінші курс студенттері;
  • оқу, ғылыми, қоғамдық жұмыста жоғары нәтижелері бар жоғары курс студенттері, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарынан студенттер;

Қалған студенттерге орындар кезек тәртібімен беріледі.

Студенттік жатақханаларға орналасу жыл сайын 25-ші тамыздан басталады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша, сондай-ақ шарттық негізде оқитын басқа қаладан келген барлық студенттерге жатақханадан орын беріледі.

Приемная комиссия