• 19.03.2024

Оқу-әдістемелік қызметі

Оқу-әдістемелік қызмет (ОӘҚ) ҚазҰӨА-ның құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес академияның факультеттері мен кафедраларында оқу-әдістемелік жұмысты үйлестіруді жүзеге асырады.

Оқу-әдістемелік қызмет (ОӘҚ) өз жұмысында ҚР “Білім туралы” заңдарын, ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша бұйрықтарын, нормативтік актілерін, ҚР Жоғары тұрған органдарының нұсқаулық материалдарын, Академияның Ғылыми кеңесінің шешімдерін, ректордың, оқу және оқу – әдістемелік жұмыс жөніндегі проректордың бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа алады.

Оқу – әдістемелік қызметтің құрылымына кәсіби бағдар беру жұмысы, оқу-өндірістік тәжірибе және жас мамандарды орналастыру бөлімі, әдістемелік бөлім кіреді.

Оқу-әдістемелік қызмет өз қызметін академияның факультеттерімен, кафедраларымен және басқа да құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.

 

Негізгі міндеттері

1.    Білім беру бағдарламаларын оқыту нәтижелеріне сәйкес өнер саласында кадрлар (мамандар) даярлауды жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындау;

2.    Оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіруге және оқу процесін ұйымдастыруда ғылыми зерттеулердің нәтижелерін енгізуге бағытталған ғылыми – әдістемелік әзірлемелерді ұйымдастыру және енгізу;

3.    Академия әзірлейтін оқу – әдістемелік құжаттаманың сапасын және оның ҚР БҒМ, ҚР МСМ нормативтік әдістемелік құжаттарына сәйкестігін бақылау.

4.    Кадрларды даярлау сапасын арттыру, қазіргі заманғы талаптарға сәйкес оқу процесін жаңғырту, Академияның білім беру қызметін дамыту стратегиясын іске асыру мүддесінде академия бөлімшелерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

5.    Білім беру қызметін сапалы басқару, ұйымдастыру үшін оқу үдерісіне жаңа ақпараттық технологияларды, заманауи оқу құралдарын енгізуге жағдай жасау;

6.    Басқарушылық талдау нәтижелерін пайдалану арқылы аудит нәтижелерін, деректерді талдауды, түзету және алдын-алу әрекеттерін қолдану арқылы қызметті үздіксіз жақсарту

Приемная комиссия