• 22.12.2024

Елімізде орын алған жағдайға байланысты

Авторkaznai

Фев 3, 2022

Елімізде орын алған жағдайға байланысты, әрбір салаға жаңа өзгерістер енгізіліп, бірқатар түйіткілді мәселелердің түйіні шешілді. Атап айтқанда, білім беру саласында техникалық мамандарды арттырып, еліміздегі ірі кәсіпорындарға өзіміздің азаматтарды қызметке алу керектігін міндеттеді.
Сондай-ақ, өзге елдердің дамыған салаларындағы ерекшеліктерді байқап, оларды өзімізде қолданысқа енгізсек, техникалық білім әл- ауқаттын көтеретініміз сөзсіз.

Осы тұста, жоғарғы оқу орнында студенттің дарыны мен қабілеттігіне баса назар аударып, өзіндік ізденісін арттырып, сапалы білім алса ғана, білім жүйесіндегі олқылықтар түзеліп, Қазақстанның білім деңгейі артатынын ескеруіміз керек.
Сонымен қатар халқымыздың әлеуметтік ахуалын қалпына келтіру үшін қымбатшылықтың алдын алып, бағаның өсуін тежеп, экономикалық саясатқа өзгеріс енгізу маңызды жайт.

Осы қолға алынған өзекті мәселелердің шешімін табуына бәріміз атсалысып, әрбір міндеттемелерден нәтиже шығаруымыз керек.

Құрметпен, Әубәкір Рахимов — Т.Қ.Жүргенов ат.ҚазҰӨА профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Приемная комиссия