
Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының ең жас факультеті болып 2008 жылы «Музыка өнері» факультеті құрылды. Факультеттің құрылуына заманауи талаптар, сұраныстар ұйытқы болды. Өнерде және шоу-бизнесте нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, қазіргі заман талаптарына сай жаңа мамандықтар ашылып кеңейтіліп жатыр. Қазіргі таңдағы жоғарғы оқу орны – тек оқу әдістемелік, ғылыми-зерттеу, ағарту орталығы ғана емес, қыруар потенциалды концерттік ұйым болып табылады. Факультет студенттері, оқытушылары, концерттік ұйымдары қалааралық, Академия қабырғасында өтетін іс-шараларға , кеш-концерттерге белсенді қатысады. Дәл осы іс-шаралар арқылы өнер Академиясының келбеті қалыптасып, оқу орнымыздың даңқы асқақтай түседі.

Алпысбаева Венера Нағметдуллақызы
Декан