2024 жылдың 19 қарашасында «Хореография педагогикасы» кафедрасы 6В02178 «Хореография педагогикасы» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың бірінші ішкі кезеңін өткізді. Іс-шараға 6В02178 ОП «Хореография педагогикасы» мамандығының 3–4 курс 13 студенті қатысты. Комиссияның құрамы:
- Габбасова Гм. Н. — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Хореография» факультетінің деканы;
- Гончарова Н. Л. — Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі, «Хореография педагогикасы» кафедрасының профессоры;
- Ким Л. В. — ІІ дәрежелі «Достық» орденінің кавалері, қауымдастырылған профессор, «Хореография педагогикасы» кафедрасының профессоры;
- Молдахметова А. Т. — философия докторы (PhD), доцент, «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының меңгерушісі;
- Аухадиев И. Р. — өнертану магистрі, аға оқытушы, «Хореография педагогикасы» кафедрасының меңгерушісі.


