• 23.12.2024

Әлібай Бапановтың «АСПАН МЕН ЖЕР» атты жеке көрмесі өтеді!

Авторkaznai

Окт 7, 2021

Бүгін сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Өнер музейінде Әлібай Бапановтың «АСПАН МЕН ЖЕР» атты жеке көрмесі өтеді.
Көрмеге автордың жеке қорынан 70-ке таяу жұмысы қойылған.

Әлібай Қалтайұлы Бапанов 1953 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1973 жылы Н. В. Гоголь атындағы көркемсурет училищесін, 1979 жылы Мәскеудің В. Н. Суриков атындағы Мемлекеттік Көркемсурет институтын бітірген. Ол Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, «Тарлан» сыйлығының лауреаты.

Әлібай Бапанов – кескіндеме, гобелен және сәндік қолданбалы өнер саласының шебері. Суретші-монументалшы кең құлашты композициялар жасауға бейімделген. Алғашында гобелен тоқып, сосын текемет пен жүннен көлемді артефактілер (жәдігер бұйымдар) жасай бастады. Картиналар жазды. Соңғы жылдары ескі кілемдер бетіне метафоралық композицияларды бейнелеуге көшкен.

Авторды көшпенділер тақырыбы мен соған байланысты барлық дүние алаңдатады. Туындылары күнделікті болып жатқан құбылыстар мен жаңалықтарды суретке түсіргендей әсер қалдырады. Жұмыстар киіз, гобелен, кескіндеме техникаларында орындалған. Бір қарағанда бір-бірінен айырмашылықтары анық байқалғанымен, оларды қазақ мәдениеті тақырыбы байланыстырады.
Көрмеде қойылған «Жарқын дүние» (2020), «Әлем айшықтары» (2021), «Мәңгілік» (2020), «Наурыз» (2021) жұмыстары таңғаларлық еркіндікте орындалған.

Өнертанушы Баян Барманқұлова: «Суретші қазақ мәдениетінің кеңістігінен ешқашан шет шықпайды. Бір ғана талантты адамның өткен шаққа деген махаббаты өшкенді тірілтіп, үндес-тілектестер үшін маңызын арттыра алады», — дейді.

Приемная комиссия