• 22.11.2024

«Жаһандану дәуіріндегі театр өнерінің өзекті мәселелері»

Авторkaznai

Окт 6, 2022

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет Комитетінің «Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі Әзербайжан мемлекеттік мәдениет және өнер университетімен бірлесіп 2022 жылдың 9 қарашасында режиссер, Қазақстанның халық артисі, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Тәуелсіз Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері, Қазақстан Театр Қайраткерлері одағының Басқарма мүшесі, Түркітілдес елдер Ұлттық театрлары Директорлар кеңесінің мүшесі, профессор Есмұхан Несіпбайұлы Обаевтың шығармашылығына арналған «Жаһандану дәуіріндегі театр өнерінің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Бұл конференцияға шетелдік және отандық танымал ғалымдар, қоғам және өнер қайраткерлері шақырылып отыр. Конференцияға магистранттар, докторанттар, жоғарғы оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, өнертанушы ғалымдар қатыса алады.

Конференция жұмысының бағыттары:

  •             1. Қазақ музыкалық театр актерін дайындаудағы педагогикалық сабақтастық: дәстүр мен жаңашылдық;
  •             2. Қазіргі әлемдегі өнердегі коммуникациялар алаңы;
  •             3. Өнер түрлерін оқыту әдістемелеріндегі жаңа технологиялар;
  •             4. Көрінімді өнер жаһандық әлемдегі қажеттілік ретінде;
  •             5. Театртанудың ғылыми парадигмалары мен мәдени байланыстар;
  •             6. Қазақ театры режиссурасындағы көркемдік-эстетикалық бағыт;
  •             7. Қазақстан театрларында мультимедиялық сценографияның шығармашылық индустрия жағдайындағы дамуы.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.

Баяндамалар мен мақалалар 2022 жылдың 1 қарашасына дейін ұйымдастыру комитетіне musicaltheatre22@mail.ru поштасына жолдануы қажет. Конференция жұмысына қабылданған мақалалар конференция материалдарының жинағында жарық көреді.

Конференцияға қатысушылар ұйымдастыру комитетімен алдын-ала хабарласқаны жөн. Алматыға келуге байланысты барлық шығындар баяндамашылардың өз есебінен болады.

Қатысу жөніндегі өтініште төмендегідей мәліметтер болуы керек:

  • 1. Аты-жөні.
  • 2. Ғылыми дәрежесі.
  • 3. Жұмыс орны.
  • 4. Баяндама аты.
  • 5. Мекен-жайы, E mail, телефоны (WhatsApp).

Конференцияның пленарлық мәжілісі Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқу театрында 9-қараша сағат 11.00 де басталады.

Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Панфилов к-сі, 127. Тел: 8705 383 39 23– Ақжан Орынбасарова.E mail: musicaltheatre22@mail.ru

Ұйымдастыру комитеті

Мақалаға қойылар талаптар

Қаріптің өлшемі – 12, қаріп – Times New Roman, интервал – бір, абзац шегінісі – 1 см, шеттері: жоғары және төменгі – 2 см, солға және оңға – 2 см.

Мақала құрылымы:

Мақала тақырыбы қалың қаріппен, кіші әріптермен беріледі, жолдың ортасына тураланады.

Автор туралы мәлімет:

Мақаланың авторы (авторлары) – аты-жөні, тегі, жұмыс орны (ұйымы), лауазымы, ғылыми дәрежесі, қаласы, елі, телефон нөмірі, электрондық поштасы. Автор туралы ақпарат Times New Roman қаріппен кіші әріптермен жазылып, жолдың ортасына тураланады.

  • Аннотация 100-150 сөз – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.
  • Түйін сөзде р (5-7 сөз) – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.
  • Негізгі мәтін  – 5-6 бет көлемінде болуы тиіс.
  • Мақала соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімінің болуы міндетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия