16 қаңтар күні, Алматы қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендиялар табыстау рәсімі өтті.
2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен бұл мәртебелі сыйлық 75 шығармашылық тұлғаға берілді.
Өз сөзінде Аида Балаева мәдениет қайраткерлерінің ұлттық құндылықтарды сақтаудағы, қоғам бірлігін нығайтудағы және рухани дамудағы маңызды рөлін атап өтті.
Құрметті әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер – жас ұрпаққа шабыт, өнер мен шығармашылықтың шынайы үлгісісіздер!