2025 жылдың 20 АҚПАНЫНДА Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Ғылым апталығы аясында «Қазақ халқының XV-XVII ғасырдағы рухани және материалдық мәдениеті: ұлттық код мәселесі» тақырыбында маңызды іс-шара ұйымдастырды.
Аталмыш жиынға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, этнограф Қартаева Тәттігүл арнайы шақырылды. Іс-шара барысында қазақ халқының рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктері, ұлттық кодтың сақталуы мен өзгеруіне қатысты маңызды мәселелер қозғалды.
Ғалым қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына енген жаңалықтарды саралап, олардың кейбірінің тарихи түп-тамыры мен бүгінгі мәнін түсіндірді. Сондай-ақ, ұлттық дәстүрлерді бұрмалау әрекеттері туралы да пікір білдіріліп, олардың мәдениетімізге тигізетін ықпалы талқыланды.
Студенттер үшін өте қызықты әрі мазмұнды өткен бұл шарада ұлттық мұраның маңыздылығы жайлы құнды ақпараттар ұсынылды.
