15 наурыз күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Шаңырақ күніне орай «NAURYZ QUIZ» зияткерлік сайысы, ұлттық заманауи трендтер панелі және қолөнер шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – студенттердің ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және командалық рухты нығайту.
- «NAURYZ QUIZ» зияткерлік сайысы
- Сайысқа 7 команда қатысты:
- «БҮРКІТ» – Театр өнері факультеті
- «БАҚ ҚЫЗДАРЫ» – Хореография факультеті
- «КӨКТЕМ ЛЕБІ» – Музыкалық өнер факультеті
- «БЕРЕКЕ ТОБЫ» – Өнертану факультеті
- «ҚАЗЫНА ЖЫРЫ» – Кино және телевизия факультеті
- «ТҰҢҒИЫҚ» – Кескіндеме, мүсін және дизайн факультеті
- «ҚҰТ» – Компьютерлік технология кафедрасы
Қатысушылар Наурыз дәстүрлері, өнер мен мәдениет, фильмдер мен музыка, ребустар мен мақал-мәтелдер бойынша сұрақтарға жауап берді. Көрермендер үшін бұл сайыс тартысты әрі қызықты сәттерге толы болды.
Жеңімпаздар:
- 1 орын – «БЕРЕКЕ ТОБЫ» (Өнертану факультеті)
- 2 орын – «БАҚ ҚЫЗДАРЫ» (Хореография факультеті) & «КӨКТЕМ ЛЕБІ» (Музыкалық өнер факультеті)
- 3 орын – «БҮРКІТ» (Театр өнері факультеті)




Қолөнер шеберлік сабақтары
Кескіндеме, мүсін және дизайн факультеті қазақтың ұлттық өнерін дәріптеу мақсатында қолөнер шеберлік сабақтарын өткізді. Студенттер:
- Киіз басу
- Зергерлік өнер
- Ағаш ою
- Ұлттық ою-өрнектермен жұмыс жасау секілді дәстүрлі қолөнер түрлерін меңгерді.
Бұл шара студенттерге ұлттық мәдениет пен шығармашылық дамудың жаңа көкжиегін ашты. Қазақ ұлттық өнер академиясы алдағы уақытта да жастарға арналған осындай тағылымды іс-шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр.



