2024 жылғы 13 желтоқсанда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай грим өнері бойынша шеберлерлік сағаты өтті.
Шараның негізгі тақырыбы – шығармашылыққа шабыт беретін «Қазақ драматургиясы» болды. Шеберлік сағаты барысында студенттер өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетіп, гримнің бірнеше түрін жасауды ұсынды:
- Көркемдік грим – кейіпкерлердің мінез-құлқын бейнелейтін.
- Қиял-ғажайып грим – арман мен қиял әлемін бейнелейтін.
- Көлемді-пластикалық грим – шынайы және әсерлі формаларды жасайтын.



Іс-шараға колледждердің бітіруші курс студенттері арнайы шақырылып, мастер-класс үрдісін қызығушылықпен бақылап, Сценография бөліміне оқуға түсуге қатысты маңызды кеңестер алды.
Бұл мастер-класс тәжірибе алмасудың ерекше алаңы болып қана қоймай, жас мамандарды грим өнерінде жаңа жетістіктерге шабыттандырды.


