• 21.12.2024

Халықаралық және алмасу бойынша білім бағдарламалары

  • ҚазҰӨА
  • Халықаралық және алмасу бойынша білім бағдарламалары

Халықаралық ынтымақтастық

          Сыртқы байланыстар бөлімі Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сыртқы байланыстарды және шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты дамытумен қатар кешенді ұйымдастыру шараларын орындайтын құрылымдық бөлімшесі. 

          Бөлім отандық және әлемдік нарықтарда дегдарлы мамандар мен ақыл ой өнімдерін жемісті өрлету мақсатында халықаралық бағдарламалармен, грант беруші ұйымдармен және қорлармен жұмыс барысында кеңес беру мен ақпараттандыру аясында қызмет көрсетеді.

Академияның халықаралық ынтымақтастық бағытындағы дамуының стратегиялық мақсаттары:

  • зерттеу және оқу бағдарламалары сапасы бойынша халықаралық стандарттарға қол жеткізу;
  • тиісті білім беру бағдарламалары бойынша Т.Қ. Жүргенов ат. ҚазҰӨА оқу жоспарын әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының оқу жоспарымен сәйкестендіру;
  • халықаралық білім беру үдерісінде студенттер және академия қызметкерлерінің мобильділігін арттыру;
  • қосдиплом бағдарламаларын енгізу және жүзеге асыру арқылы білім беру қызметі нарығында Т.Қ. Жүргенов ат.ҚазҰӨА-ң бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • академия халықаралық ғылыми белсенділігін дамыту, Т.Қ. Жүргенов ат.ҚазҰӨА-ң халықаралық ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларға қатысуының сапасы мен көлемін арттыру;
  • халықаралық рейтингтер және халықаралық жетекші агенттіктердің білім беру бағдарламалары аккредитациясынан өту арқылы Т.Қ. Жүргенов ат.ҚазҰӨА-ң халықаралық беделін арттыру;
  • мұғалімдер, студенттер, академия қызметкерлерінің тілдік біліктілігін арттыру;
  • университеттің қаржылық тұрақтылығына халықаралық ынтымақтастық арқылы ықпал ету.

Академияның интернационалдандыру бойынша қызметі басқа шетелдік жоғары оқу орындарымен тығыз интеграциясымен қамтамасыздандыруға, басқа жоғары оқу орындарына қарағанда академияның жедел дамуының және бәсекелік артықшылығының қосымша мүмкіндіктерін алуға бағытталған. Ол академияның Жарғысына және шетелдік жоғары оқу орындармен екіжақты келісімдерге негізделе отырып жүзеге асырылады.

        Академияның халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысының негізгі мақсаты оның әлемдік білім және мәдениет кеңістігіндегі интеграциясы болып табылады. Қазіргі уақытта Академия академиялық ұтқырлық, Erasmus +, Мевлана халықаралық бағдарламасы, DAAD және т.б. ұйымдармен жұмыстар жүргізуде.

Академиялық ұтқырлық

Академикалық ұтқырлық бағдарламасы – Т.Қ. Жүргенов ат.ҚазҰӨА-ң даму стратегиялық бағыттарының ең маңызды бағыттарының бірі. Қазіргі уақытта академия сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламаларын сәтті жүзеге асыруда.

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламалары – студенттерді шетелдік университеттерде оқыту, сонымен қатар шетелдік білім беру немесе ғылыми мекемелердегі зерттеуші оқытушылардың жұмысы.

Ішкі академикалық ұтқырлық бағдарламалары – студенттерді оқыту, сонымен қатар жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарындағы оқытушы-зерттеушілердің жұмысы.

ERASMUS + бағдарламасы

Эразмус+ бағдарламасы білім беру мен оқыту жүйесінің тұрақты дамуы мен жаңартылуына, спорт және жастар саясатын дамытуға қолдау көрсетуге, сондай-ақ азаматтардың қабілеттерін арттыру арқылы олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған. Жаңа бағдарлама адами потенциалға салынатын инвестициялар көлемін айтарлықтай арттыруды көздеп отыр.

ERASMUS + – бұл бүкіл әлем бойынша студенттерді біріктіретін Еуропалық Одақтың бірегей бағдарламасы.

Аталмыш бағдарламаға кім қатыса алады?

  • мемлекеттік және кейбір коммерциялық университеттердің қатысушылары
  • 2 – 4 курс студенттері
  • 1-2 курс магистранттары
  • докторанттар -1-3 курс

Қаржылық шарттар:

Бағдарлама қатысушыларына оқу ақысы, ұшу ақысы төленеді және толық грантқа ие болған жағдайда стипендия студенттің қай елге баратынына байланысты 500 еуродан және одан жоғары төленеді.

Қажетті құжаттар:

  • төлқұжаттың көшірмесі
  • үш тілдегі транскрипт (қазақ, орыс, ағылшын)
  • IELTS сертификаты (өту балын қабылдаушы университет белгілейді) немесе тілді білу сертификаты
  • резюме
  • уәждеме хат *

Бағдарламаның басталуы, құжаттар қабылдау мерзімдері, талаптары, құжаттарға қойылатын критерийлер туралы барлық ақпарат Академия сайтындағы «Хабарландыру» бөлімінде, сондай ақ қандай да бір ақпарат байқаудың ашылуына сәйкес орналастырылады.

* Университеттер қосымша құжаттарды талап етуі мүмкін

Мевлана бағдарламасы

«Мевлана» бағдарламасы Т.Қ. Жүргенов ат.ҚазҰӨА-сы мен Түрік серіктес университеттер арасында студенттер және оқытушылармен алмасуды көздейді және Түрік жоғары білім кеңесі тарапынан жартылай қаржыландыруда негізделген.

Мевлана алмасу бағдарламасына қатысу талаптары

Білім алушыларға:

  • • Айлық стипендия 1200 түрік лирасы;
  • • Мевлана алмасу бағдарламасына алғаш рет қатысу;
  • • Ағылшын немесе түрік тілдерін жақсы меңгеру (университет сертификат талап етуі мүмкін);
  • • GPA: BA 2.5-тен кем емес; MA, PhD – 3.00-ден кем емес;

Оқытушыларға:

  • • Күніне 40-50 түрік лирасы;
  • • 3000-ға жуық түрік лира мөлшерінде жол шығындарды өтеу;
  • • Мевлана алмасу бағдарламасына алғаш рет қатысу;
  • • Ағылшын немесе түрік тілдерін жақсы меңгеру (университет сертификат талап етуі мүмкін);
  • • Резюме, жарияланымдар тізімі, дәріс/семинар жоспары;
  • • Оқытушы аптасына кемінде 6 сағат дәріс оқуы керек;

Дұрыс толтырылмаған және қол қойылмаған анкета қабылданбайды.

* Әрбір университеттің өзінің жеке формасы бар

Мевлана бағдарламасының шарттары

  •  – Студент кафедра эдвайзері немесе факультеттің халықаралық ынтымақтастық координаторының көмегімен университетті таңдау және хаттаманың толтырумен (learning protocol) айналысады.
  • * Егер әріптес-университеттің сайтында пәндер тізімі болмаса, онда қабылдаушы университетте (факультет) Мевлана бағдарламасының координаторынан сұрастыру қажет.
  • – Өтініш беруші жатақхананы іздеумен өзі айналысады, бағдарлама немесе университет тұрғын үйге кепілдік бере алмайды. Кей жағдайда Түркия координаторы жатақханада тұру бойынша орын болған жағдайда кеңес бере алады.
  • – Студенттер мен оқытушылар Түркияда бір айдан астам уақыт тұру үшін виза немесе тұруға рұқсат алу керек.
  • – Студенттер мен оқытушылар Түркияда халықаралық сақтандыру компаниясының сақтандыру полисін жасату керек. Университет немесе бағдарлама сақтандыруды қамтамасыз етпейді. Сақтандыру Түркияда тұру үшін міндетті түрде қажет.
  • * Өтініштерді қабылдау туралы барлық хабарландырулар ақпан-наурыз айларында Академия сайтында жарияланады.

DAAD (Академиялық алмасулардың германдық қызметі)

DAAD Академиялық алмасулардың германдық қызметі ) – студенттер және ғалымдардың халықаралық академиялық алмасуына әрекеттесетін әлемдегі ірі ұйымдардың бірі болып табылады. DAAD студенттер және ғалымдардың академиялық алмасуын ұйымдастырады және қаржыландырады, Германиядағы оқыту мүмкіндіктері және зерттеулерді жүргізу туралы хабардар етеді, сондай-ақ неміс жоо беделділігі және интернационалдығын арттыруға жағдай жасайды. DAAD қазақстандық студенттерге, жас ғалымдарға және мамандарға, оқытушыларға және ғалымдарға 10 нан артық шәкіртақылық неміс, сондай-ақ ағылшын тілдерінде қол жетімді бағдарламаларды ұсынады.

DAAD бағдарламасына қойылатын талаптар

Үміткерлер ұсынатын қажетті құжаттар пакеті:

  • қатысуға арналған өтінімнің толтырылған бланкі
  • http://www.daad.kz/ru/14889/index.html;
  • http://www.daad.kz/ru/14889/index.html )
  • автобиография;
  • эссе (уәждеме хат);
  • оқытушылардан ұсыныс хаттар;
  • неміс және/немесе ағылшын тілдерін білуі туралы тілдік сертификат
  • (DSD II, TestDaF, DSH, OnDaF / TOEFL, IELTS);
  • мектеп аттестатының көшірмесі;
  • диплом/транскрипт көшірмесі.

Өтінімді қалай беруге болады?

Үміткерлер  https://portal.daad.de/irj/portal  DAAD порталында құжаттарды жүктейді, сондай-ақ өтінімдерді  DAAD аймақтық өкілдіктеріне жібереді:  Алматы қаласы, Иванилов көшесі 2, ФРГ Бас елшілігі, Мәдениет бөлімі.

Толық ақпаратты сіз DAAD IC Almaty http://www.daad.kz/ru  ресми сайтынан ала аласыз.

Қазақстандағы  DAAD ақпараттық орталығы:

Алматы қаласы, Қазақстандық-Неміс университеті, Пушкин көшесі, 111/113, кеңсе 18., тел.: 727 293 90 35

Приемная комиссия