2024 жылдың 25-26 қарашасында «Хореография» факультетінде Қазақ ұлттық өнер академиясының «Хореография» факультетінің 30 жылдығына арналған «Хореографиялық өнердегі режиссура және педагогика: дәстүрлер мен инновациялар» атты ІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға 6 елден 40-тан астам хореографтар мен зерттеушілер қатысты: Қазақстан (Алматы, Астана), Италия (Рим), Канада (Монктон), Қытай (Гонконг), Ресей (Мәскеу, Екатеринбург), Өзбекстан (Ташкент). Конференция гибридті форматта өтті — онлайн (ZOOM бейнеконференция) және офлайн (тәжірибелік презентациялар).