2024 жылдың 25 қарашасында «Жас сахна» театрының сахнасында «Хореография» факультетінің концерті өтті. Концерт Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Хореография» факультетінің 30 жылдығына арналған «Хореографиялық өнердегі режиссура және педагогика: дәстүрлер мен инновациялар» атты ІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында өтті. Концертке хореография факультетінің студенттері, түрлі хореографиялық ұжымдардың әртістері қатысты:
- 1) Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры;
- 2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры;
- 3) «Самұрық» заманауи би театры;
- 4) «Салтанат» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік би ансамблі;
- 5) Мемлекеттік Республикалық академиялық корей музыкалық комедия театры;
- 6) Құддус Құжамьяров атындағы Мемлекеттік республикалық академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры.
Көрермендерге концерттік бағдарлама бойынша факультет оқытушылары, магистранттары және студенттері дайындаған 20 хореографиялық композиция көрсетілді.







