2025 жылдың 17 қаңтарында «Хореография» факультеті ULY DALA ZHASTARY атты VII Республикалық жас хореографтар байқауын өткізді. Байқауға Қазақстанның 10 облысынан 41 үміткер қатысты: Алматы, Атырау, Балхаш, Семей, Қостанай, Қонаев, Кокшетау, Петропавл, Шымкент, Тараз. Екінші және үшінші кезеңге 25 қатысушы өтті.
Қазылар алқасының құрамы:
- 1. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының доценті, «Хореография» факультетінің деканы — Габбасова Гульмира Надымовна (төраға);
- 2. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, қауымдастырылған профессор, «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының профессоры — Сушков Дмитрий Валентинович;
- 3. Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі, «Хореография педагогикасы» кафедрасының профессоры — Гончарова Наталья Львовна;
- 4. «Достық» орденінің 2-дәрежелі кавалері, қауымдарстырылған профессор, «Хореография педагогикасы» кафедрасының профессоры Ким Лариса Валентиновна;
- 5. Философия докторы (PhD), аға оқытушы, «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының меңгерушісі — Молдахметова Алима Талғатқызы;
- 6. Өнертану магистрі, аға оқытушы, «Хореография педагогикасы» кафедрасының меңгерушісі — Аухадиев Ильзат Ришатович;
- 7. Өнертану магистрі, «Хореография педагогикасы» кафедрасының оқытушысы — Маливанова Светлана Игоревна.




Байқаудың бірінші іріктеу кезеңі байқауға қатысушылардың бейнежазбалары қаралып, онлайн режимінде өтті. Байқаудың екінші кезеңі — классикалық би сабағы. Сабақты оқытушы, «Хореография педагогикасы» кафедрасының меңгерушісінің орынбасары — Ликучева Наталья Викторовна жүргізді. Концертмейстер — Досмұхамбетова Әсия Мұхамбетқызы. Үшінші тур Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Оқу театрының сахнасында өтті. Байқау төрт номинация бойынша өтті: «Хореография педагогикасы», «Заманауи хореография педагогикасы», «Спорттық бал биінің педагогикасы», «Балетмейстерлік өнер».
«Хореография педагогикасы» номинациясы:
- 1 орын — Қасымхан Әлішер Адлетұлы (Алматы, Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі)
- 2 орын – Данько Полина Николаевна (Шымкент, Музыкалық колледж)
- 3 орын — Валеева Дарина Бериковна (Атырау, Нұрғиса Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты)
- 3 орын — Аяпберген Аяна Қонақпаевна (Атырау, Нұрғиса Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты)
«Заманауи хореография педагогикасы» номинациясы:
- 1 орын — Свинцова Руслана Александровна (Алматы)
- 2 орын — Кәрімбай Жанерке Ердосқызы (Алматы)
- 3 орын — Джакова Диляра Бауыржанқызы (Павлодар)
«Спорттық бал биінің педагогикасы» номинациясы:
- 1 орын — Исхаков Даниил Данилович (Алматы)
- 2 орын — Еденбаева Анель Айдосовна (Қонаев)
- 2 орын — Коноплина Милена Павловна (Алматы)
- 3 орын — Бақытжан Томирис (Алматы)
«Балетмейстерлік өнер» номинациясы:
1 орын — Бычек Алина Андреевна (Семей, М. Төлебаев атындағы музыкалық училище)



