15-17 ақпан күндері Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Театр өнері факультетінің ұйымдастыруымен Infinity атты республикалық байқаудың 1-турын өткізді. Биылғы байқау онлайн форматта өтіп, еліміздің әр аймағынан 161 үміткер бақ сынады.
Қатысушылар өз өнерлерін қазылар алқасына бейнежазба арқылы ұсынды. Бағалау барысында олардың шығармашылық қабілеті, сахналық шеберлігі мен орындау техникасы ескерілді. Нәтижесінде 41 қатысушы іріктеліп, келесі кезеңге жолдама алды.
Байқаудың 2-туры Алматы қаласында өтеді. Оған өткен қатысушылар академия қабырғасында өз өнерлерін офлайн форматта көрсетеді. Бұл кезең болашақ әртістер үшін үлкен тәжірибе мен кәсіби даму алаңы болмақ.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
