27 наурыз күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ашылу салтанаты өтті.
Шараға еліміздің 19 жоғары оқу орнынан жиналған талантты студенттер, олардың жетекшілері, құрметті қонақтар мен қазылар алқасы қатысты. Олимпиаданың басты мақсаты – болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту және білім мен өнер саласындағы жаңа есімдерді анықтау.
Ашылу рәсімі LED экранда олимпиаданың маңыздылығын айшықтайтын арнайы роликтің көрсетілімімен басталды. Салтанатты жиынның жүргізушілері – Алдияр мен Эльзат қатысушыларды құттықтап, олимпиада білім мен өнер жолындағы ізденісті, шеберлікті, дарындылықты паш ететін алаң екенін атап өтті.



Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, өнертану ғылымдарының кандидаты Арман Әділханұлы Жүдебаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында мәдениет саласының дамуына ерекше назар аударылғанын еске сала отырып, жүргізушілер еліміздегі жоғары оқу орындарының мәдени және ғылыми әлеуетін атап өтті. Олимпиадаға Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысып отырғаны – осының айқын дәлелі.
Олимпиадаға қатысушы жоғары оқу орындары:
- 1. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
- 2. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
- 3. «Сымбат» сән және технология академиясы
- 4. Алматы менеджмент университеті (AlmaU)
- 5. Алматы технологиялық университеті
- 6. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ.)
- 7. Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті (Астана қ.)
- 8. Қазақ ұлттық хореография академиясы (Астана қ.)
- 9. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Шымкент қ.)
- 10. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (Орал қ.)
- 11. М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті (Тараз қ.)
- 12. Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті (Шымкент қ.)
- 13. «Тұран» университеті (Алматы қ.)
- 14. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
- 15. Қазақ мемлекеттік архитектура және құрылыс академиясы
- 16. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
- 17. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
- 18. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
- 19. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
Олимпиаданың ашылу салтанаты концерттік бағдарламамен жалғасты. Студенттер көрермендерге ерекше қойылымдар ұсынды:
- «А что такое театр?» – 1-курс студенттері, жетекшісі Наталья Дубс
- «Аққу» пластикалық қойылымы – 1-курс студенттері, жетекшісі Алма Какишева
- «Бесінші элемент» қойылымы – 1-курс студенттері, жетекшісі Ерлан Біләл
- Көрермендер жас өнерпаздардың өнеріне тәнті болып, ұзақ қол шапалақтады.
Олимпиаданың барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз! Ең мықтылар жеңіске жетсін!









