21-ақпан күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Бас ғимаратында колледж студенттерінің «Өнердің өрнегі» атты есеп беру көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Көрмені академия ректоры Арман Жүдебайев ашып, болашақ өнер шеберлеріне шығармашылық табыс тіледі. Бұл шара – жас таланттардың кәсіби деңгейін көрсететін маңызды платформаға айналды.
Көрмеде кескіндеме, мүсін, графика, сәндік-қолданбалы өнер, интерьер және киім дизайны, графикалық және мультимедиалық дизайн мамандықтарының үздік жұмыстары ұсынылды.



21 ақпан – 3 наурыз аралығында жалғасатын бұл көрме өнер сүйер қауым үшін нағыз шабыт сыйлайтын алаң болды!
Баршаңызды тамашалауға шақырамыз!



