• 27.12.2024

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен Ақан Жылқышыбайұлы Абдуалиев — Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Авторkaznai

Июн 18, 2021

Ақан Жылқышыбайұлы Абдуалиев — 1975 жылы 16 қарашада Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Шиен ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «Халық әні» мамандығы бойынша әнші, оқытушы, 2012 жылы Алматы экономика және статистика Академиясын «Экономика» мамандығы және 2019 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистратурасын аяқтады.

1996-2002 ж.ж.Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының жеке орындаушысы;
2003-2004 жж. «Қазақконцерт» РМҚК аспапта жеке орындаушысы;
2005-2007ж.ж. Ж.Елебеков атындағы ЭЦК оқытушысы;
2007-2008 ж.ж. Құрманғазы атындағы ҚҰК оқытушысы;
2008-2015 ж.ж. А.Жұбанов атындағы РҚМММИ директоры;
2015–2016 ж.ж. «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМҚК директоры;
2016–2018 ж.ж. Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы;
2018–2019 ж.ж. Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

2019 жылдан осы уақытқа дейін Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметін атқарып келді.

Ақан Абдуалиев қызмет еткен 2 жылға жуық уақытта академияда үлкен өзгерістер орын алды. Пандемия кезінде өнерлі жастарды тәрбиелейтін академия тізгінін ұстау оңай болған жоқ. Жаны әсемдікке, көзі сұлулыққа, үні әуезділікке, қолы туындыға, аяғы көрікті мекенге үйір шығармашылық адамына төрт қабырғаға қамалу қиынға соқты. Еңбекке адал, мақсатқа берік, батыл мінезінің арқасында Ақан Жылқышыбайұлы жалынды жүректің жанайқайын ұғынып, өз тарапынан таланттың танылуына, шебердің шыңдалуына, шығармашыл ойдың жүзеге асуына барын салды. Ортасы – думан, зейіні – талант жастарға үнемі қолдау танытып, танымы кең, тағылымы мол игі істердің басы-қасында жүрді.

Ақан Абдуалиев еліміздегі іргелі оқу ордасын абыроймен басқарып, жас ұрпақтың білікті маман болып шығуы үшін бар күш-қайратын жұмсады. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде игілікті істерді жүзеге асырыра білді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия