2025 жылғы 26 ақпанда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында дәстүрлі «Speech Contest 2025» ағылшын тілінде шешендік өнер бойынша олимпиада-байқауы өтеді.
Биылғы байқаудың тақырыбы – «Тіл және мәдениет». Олимпиада Қазақстан Республикасының шығармашылық мамандықтарында оқитын жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізіледі.
Байқау екі кезеңнен тұрады:
I кезең – Video-speech «English and my future profession»: қатысушылар 2025 жылғы 19 ақпанға дейін осы тақырыпта өздерінің 1 минуттық бейнежазбаларын жіберуі тиіс. Қазылар алқасы екінші кезеңге өтетін қатысушыларды анықтайды.
II кезең – Презентация «LANGUAGE AND CULTURE»: қатысушылар алдын ала дайындалған 3 минуттық презентациясын ағылшын тілінде қорғайды.
Қатысу форматы – гибридті.
Байқау қорытындысы бойынша I, II және III орындар, сондай-ақ көрермендер көзайымы жүлдесі мен қазылар алқасының арнайы жүлдесі табысталады.
Тіркеу және өтінімдерді қабылдау
Қатысушылар 2025 жылғы 19 ақпанға дейін olimp_english2020@mail.ru электрондық поштасына тіркеліп, бейнежазбаларын жіберуі қажет.
Өтінім ағылшын тілінде толтырылып, келесі ақпаратты қамтуы тиіс:
қала;
оқу орнының толық атауы;
студенттің аты-жөні;
мамандығы, курсы;
ғылыми жетекшісінің аты-жөні мен лауазымы;
байланыс мәліметтері.
Байқауға ағылшын тілі деңгейі B1 және одан жоғары студенттер қатыса алады.
Байланыс телефондары:
+7 707 758 65 81 – Жанар Сұлтанқызы
+7 701 411 12 28 – Татьяна Станиславқызы
Барлық студенттерді олимпиадаға қатысып, ағылшын тілінде шешендік өнерін көрсетуге шақырамыз!