Наурызнама аясында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері Ұлттық киім күніне орай Алматы көшелерінде ұлттық мәдениетті дәріптеген ерекше шара ұйымдастырды.
Академия студенттері халқымыздың бай мұрасын көрсету мақсатында ұлттық киім киіп, көшелерде өнер көрсетті. Домбыраның күмбірлеген үні мен әуелеген халық әндері қаланың әр бұрышында естіліп, тұрғындарға керемет әсер сыйлады. Қала тұрғындары мен қонақтары жастардың бастамасын жылы қабылдап, қошемет көрсетіп, осындай мәдени шаралардың жиі өтуін тіледі.
Бұл шара қазақтың ұлттық киімін насихаттауға, өнеріміз бен дәстүрімізді дәріптеуге, жастардың ұлттық сана-сезімін нығайтуға бағытталды. Академия студенттері алдағы уақытта да осындай игі бастамаларды жалғастыруға ниетті.









