ZHURGENOV FASHION DAY – жас дизайнерлер үшін жаңа мүмкіндіктер алаңы!
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында алғаш рет ZHURGENOV FASHION DAY сән көрсетілімі өтті. Бұл жоба жас дизайнерлердің шығармашылық әлеуетін дамытуға, оларды сән индустриясына тартуға бағытталған. Академия ұсынған бұл алаң жас таланттарға өз идеяларын жүзеге асырып, кәсіби ортада танылуға мүмкіндік берді.
Көрсетілім аясында дизайнерлер өздерінің авторлық топтамаларын ұсынып, Қазақстан сән индустриясының өкілдеріне таныстырды. Сонымен қатар, іс-шара сән саласының мамандары мен шығармашылық индустрия өкілдерінің басын қосқан маңызды мәдени оқиға болды.
Жас таланттар – үлкен сахнада
ZHURGENOV FASHION DAY тек сән дизайнерлерінің ғана емес, академиядағы басқа да мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттердің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге бағытталды. Атап айтқанда, арт-менеджмент және продюсерлеу, операторлық өнер, фотосурет, грим және сән саласымен байланысты басқа да бағыттардың студенттері сән көрсетілімін ұйымдастыруға белсене қатысты.
Академияның болашақ мамандары үлкен командалық жұмыстың арқасында сән көрсетілімінің жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.





Көрсетілімде ұсынылған брендтер:
- A’RNA – заманауи сән бағытындағы бренд.
- INNERMONK – шаолиндік философия мен минимализмді үйлестірген ерекше стиль.
- MAUE – театрлық элементтер мен commedia dell’arte эстетикасын біріктірген бренд.
- SEITZHAN – этно-стильдегі шапандар бренді, ұлттық нақыш пен заманауи дизайнды үйлестірген жоба.
Кәсіби модельдер және қонақтар
ZHURGENOV FASHION DAY подиумында «Taina», «Mulan», «Avanto», «Velada» және «Iconic» модельдік агенттіктерінің кәсіби модельдері өнер көрсетті.
Шараға Қазақстанның танымал дизайнерлері қатысып, жас сәнгерлердің жұмысына жоғары баға берді:
- Расул Социал
- Асем Сапарғали
- Абзал Сейдин
- Алмаз Киренбек





Сонымен қатар, модельдік индустрияның кәсіби өкілдері де жобаға қолдау көрсетті:
- «Silence» модельдік агенттігінің өкілдері
- «Mulan» Академиясының директоры Алима және топ-модельдері
- «Taina» және «Iconic» модельдік агенттіктерінің директорлары
ZHURGENOV FASHION DAY сән индустриясының продюсерлерін, букерлерін, сән апталықтарының өкілдерін және басқа да кәсіпқой мамандарды бір алаңда біріктірген маңызы зор шара болды.
ZHURGENOV FASHION DAY жобасының авторы және бас продюсері – Орынбасар Жарықбол, академияның Арт-менеджмент және продюсерлеу кафедрасының 1-курс студенті.
Жобаны ұйымдастыруда «Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасы және «Мода және костюм дизайны» кафедрасы үлкен рөл атқарды.
ZHURGENOV FASHION DAY – сән әлеміне жаңа есімдер сыйлайтын жоба!
Бұл күн – шығармашылық пен шабытқа толы нағыз сән мерекесі болды. Академия талантты студенттерін әрқашан қолдап, олардың болашақта үлкен жетістіктерге жетуіне мүмкіндік беруді басты мақсат етіп қояды.




