• 22.05.2024

Азаматтық-патриоттық бағыты бойынша атқарылған іс-шаралар

Авторkaznai

Қаз 19, 2023

«Қазақстан болашағы – Жастар» атты тәрбиелік-патриоттық кездесу кеші 15.11.2021 ж.
Тәуелсіз еліміздің ертеңгі  болашағы – жастар қолында. Ертеңгі күнімізге деген қадамымызды нық сеніммен жалғастыратын, жасампаздық эстафетасын қабылдап, қарыштап дамытуға жоспар жасайтын біздің жастар. Бүгінгі күненн бастап жастарды еңбексүйгіштікке, еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу – маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселенің дұрыс жолға қойылып, дұрыс шешім табуына қоғамдық – мәдени ұйымдар, оқу орындары атсалысуға мүдделі.  Жастардың дұрыс тәрбиеленуі ұлттық құндылықтың, салт-дәстүрдің сақталуы, мәдени тәрбиенің сақталуына әкеледі.
Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Алматы Арена» алаңында өткен жастарға арналған форум. 18.03.2022ж.
Т.Қ. Жүргеновтың қоғамдық-саяси қызметі. Конференция  01.09.2021ж.
Жүргенов Темірбек Қараұлы (1898-1938) – Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, республиканың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Темірбек Қараұлы Жүргенов есімі тек қана қазаққа ғана емес, иісі түркі жұртына мәлім, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қаламы қарымды сыншы-көсемсөз иесі саналады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия