• 11.10.2024

Емтихан барысында ашықтық пен адалдық қамтамасыз етілді.

Авторkaznai

Шіл 11, 2021

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында» ағымдағы жылдың 08-13-і аралығында  әр факультет хаттамасы бойынша кестеге сай шығармашылық емтихан жоспарланған болатын. Алдын ала бакалавриат бойынша шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін барлық мамандық бойынша комиссия мүшелері мен апелляциялық комиссия  мүшелерінің құрамы бекітілген.

Емтихан барысында ашықтықты, адалдық пен мөлдірлікті қамтамасыз ету үшін «Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ректорының уақытша міндетін атқарушы Шәріпбек Ағабайұлы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «ADALDYQ ALAŃY» жобалық кеңсесінің басшысы Марат Болысбекұлы, сондай-ақ  Академиядағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жастар саясаты мәселелері жөніндегі қызметі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бөлімінің басшысы бақылаушылар ретінде тартылды.  

9 шілдеде өткізілген шығармашылық емтиханға «Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ректорының уақытша міндетін атқарушы Шәріпбек Ағабайұлы Әмірбеков  пен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «ADALDYQ ALAŃY» жобалық кеңсесінің басшысы Марат Болысбекұлы Қамзолдаев қатысып, емтихан барысын қадағалады.  «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Адал білім жобасына сәйкес, ЖОО ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету мақсатында шығармашылық емтихандарды қашықтан қабылдау барысын сырттай бақылады.

Қабылдау комиссиясының негізгі міндеті – әрбір үміткердің бірегей әлеуетін, дарындылығы мен даралығын, шығармашылыққа бейімділігін байқау. Соған орай, «ADALDYQ ALAŃY» жобалық кеңсесінің басшысы Марат Болысбекұлы: «Жыл сайын Академиядағы емтихандарда прокторинг ережелері толықтай сақталады. Барлық факультеттер бойынша  талапкерлердің жұмысын kaznai.oes.kz сайтынан тексеріп, көруге болады. Бүгінгі емтихан барысында ашықтық пен адалдық қамтамасыз етілді деп айтуға толық негіз бар. Талапкерлер жауапкершілікті сезініп,  аса жоғары дайындықпен қатысып отырғанын атап айтар едім. Комиссия мүшелерінің жұмысында талантты үміткерлердің жарқын қойылымдарын байқап, бірауыздан мақұлдаған ауызбіршілігіне разымын. Алайда, бір байқағаным: «Театр өнері» факультетіне талапкерлерді қабылдағанда арнайы іріктеу ұйымдастырған жөн. Неге десеңіз, жарияланған  талапқа сай келмейтін абитуриенттер біршама уақытты алды. Бұл бағытта біздің тараптан көмек көрсетуге, іріктеуді ұйымдастыруға ат салысамыз» – деп сөзін түйіндеп, емтихан тапсырушыларға сәттілік тіледі.   

Техникалық хатшылар әр талапкерге Google Forms бағдарламасында бағалау жүйесін дайындап, шығармашылық емтихан материалдарын Moodle платформасына жүктеп отырды. Модераторлар мен техникалық хатшылар емтихандардың бейнематериалдарын Академияның сайтына орналастырды. Құпиялықты қамтамасыз ету мақсатында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы-іс қимыл және жастар саясаты мәселелері жөніндегі қызмет пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бөлімінің басшысы мен маманы кодтаушы (шифрлаушы) Moodle платформасында жүктелген жұмыстарды шифрлап және емтихан жұмыстарын бағалау аяқталғаннан кейін дешифрледі. Программист маман «Strikeplagiarism» жүйесін пайдаланып, плагиатқа тексерді. Талапкерлердің бағалары әр факультеттегі мамандықтар бойынша  сайтта күнделікті жарияланады.  Қабылдау емтиханының толық жазбасы мен талқылаулары, бейне конференциялар қатты дискіге сақталады. Емтихандар жоспарланғандай талапқа сай, жоғары деңгейде өтті.     

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы-іс қимыл және жастар саясаты мәселелері жөніндегі қызмет

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия