• 05.11.2024

Жолдау жарияланды.

Авторkaznai

Сен 1, 2021

1 қыркүйек – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялады.

Білім күнімен қатар келген жолдауында Мемлекет басшысы білім беру саласына коронавирус пандемиясы мен қашықтан оқыту кері әсер еткенін сөз етіп, елімізде мектептер саны 2025 жылға дейін кемінде 1000-ға жетуі керектігіне баса назар аударды. Одан бөлек, мемлекет басшысы ғылым саласында грантты қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту керектігін айтты.

Бұдан өзге жолдауында бірқатар мәселе көтеріп, үкіметке түрлі тапсырма берді. Президент жолдауынан:
-Ең төменгі жалақы мөлшерін 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 42 500 теңгеден 60000 теңгеге өсіру;

-Еліміздің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын ұлттық жүйе құру;

-Құзырлы органдармен бірлесіп жайылым мәселесіне қатысты шаралар қабылдау;

-Әлеуметтік көмек нағыз мұқтаж жандарға берілуі керек;

-Үкімет алдында тұрған басты міндет: 5 жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза сумен қамтамасыз ету;

-Мемлекеттік қаражатты басқару тұжырымдасамын әзірлеуді

— 2025 жылға дейінгі орта мерзімді мақсат — өңдеу өнеркәсібі экспортын 1,5 есе, 24 млрд долларға дейін, ал еңбек өнімділігін 30%-ға дейін ұлғайтуды тапсырды.

Президент парламент палаталарының бірлескен отырысында қазақ тілінің маңыздылығын да сөз етті. «Қазақ тілі — мемлекет саясатын дамытудың басым бағыттарының бірі. Қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ. Ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар — бұл қазақ тілі. Болашағымызды дамытатын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюы қажет», — дейді мемлекет басшысы.

Приемная комиссия