• 31.10.2024

«Заманауи отандық бейнелеу өнеріндегі жаңаша серпін мен инновациялық жетістіктер»

Авторkaznai

Апр 18, 2024

Академияның Ғылым апталығы шеңберінде Ә. Қастеевтің 120 жылдығына байланысты ұйымдастырылған «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің Дөңгелек үстелі

09.04.2024 ж. сағат 14.00-16.00 аралықта Темірбек Жүргенов ат. ҚазҰӨА кітапханасында «Заманауи отандық бейнелеу өнеріндегі жаңаша серпін мен инновациялық жетістіктер» тақырыбында Дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырған – бекітілген бағдарламаға сәйкес жауапты модератор PhD докторы, «Көркемсурет» кафедрасы профессоры Е. Б. Кайранов. Дөңгелек үстел барысында «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті ұстаздарының дайындаған презентациялары көрсетіліп баяндамалары тыңдалды. 08 – 12 сәуір аралықта өткізілген «Қазақстанның қазіргі заманғы өнері: зерттеу серпіні мен интеллектуалдық инновация» тақырыбындағы Ғылым апталығы шеңберінде факультеттің білім берудегі соңғы жетістіктерін төмендегі баяндамашылар арқылы тыңдаушы қонақтар, ұстаздар, магистранттар және студенттерге таныстырылды:

  1. Нурдубаева Асия Руслановна, ҚР Сәулетшілер мен Дизайнерлер одақтарының мүшесі, сәулет кандидаты, «Дизайн» кафедрасының доценті. Баяндама тақырыбы: «Развитие пространственных и структурных принципов в дизайнерском образовании на основе этнометодологии в Республике Казахстан»;
  2. Володева Наталья Александровна, өнертану кандидаты, «Мода және костюм дизайны кафедрасының доценті. Баяндама тақырыбы:  «Новейший импульс и инновационные достижения в современном отечественном дизайне костюма»;
  3. Бекибаева Гульнар Джамбуловна, ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, «Мода және костюм дизайны» кафедрасының доценті. Баяндама тақырыбы: «Экспериментальное моделирование одежды в образовательной практике ОП «Мода и дизайн костюма»»;
  4. Орманбеков Акылбек Абзелбекович, өнертану ғылымдарының магистрі,  «Көркемсурет» кафедрасының аға оқытушысы (Асылбай Қуаныш Балтабаевич, өнер магистрі, «Көркемсурет» кафедрасының оқытушысы). Баяндама тақырыбы: «Мүсін білім бағдарламасы түлектерінің республикалық және халықаралық кеңістіктегі заманауи жетістіктері»;
  5. Досжанов Бауыржан Таттибекұлы, өнертану ғылымдарының магистрі,  ҚР СО мүшесі, «Сәндік өнер» кафедрасының аға оқытушысы. Баяндама тақырыбы: «Тафтинг кілем тоқу технологиясын жоғарғы оқу орындарының білім беру бағдарламасына енгізу»;
  6. Наурызбаева Айнаш Сагатовна, философия докторы (PhD), «Дизайн» кафедрасының доценті, Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі Баяндама тақырыбы: «Дизайн жилого интерьера – современная картина мира или философия жилищной стратегии»;
  7. Кенджакулова Айнур Бериковна, философия докторы (PhD), «Сәндік өнер» кафедрасының аға оқытушысы. Баяндама тақырыбы: «Қазіргі заманғы өнер және оның әлеуметтік мәдениеттегі орны».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия