• 27.05.2024

Кәсіптік бағдар беру бойынша іс-сапар

Авторkaznai

Сәу 26, 2024

2024 жылдың  18-19 сәуір аралығында Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы,  «Кино және ТД» факультетінің  «Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасының оқытушысы Кудайберлиев Б.Е ,  «Дыбыс режиссурасы және операторлық өнер»  кафедрасының оқытушысы  Косай Р.К   Талдықорған қалаласындағы:  «К. Байсейітова атындағы Талдықорған музыкалық колледжі»  мен  «Талдықорған сервис және технология» колледжінде кәсіптік бағдар беру бойынша  іс-сапарда болды.

19.04.2024 ж. Талдықорған қалаласындағы “К. Байсейітов атындағы Талдықорған музыкалық колледжі “кәсіптік бағдар беру іс шарасы колледждің диеректорының Тұрысбек Мергүл Құдайбергенқызы оқу орнын таныстыруынан кейін бітіруші топтармен жүргізілді.

   Біз өзімізбен алып барған видео ролик, каталогтарды көрсетіп, академияны талапкерлерге таныстырып бағыт бағдар бердік. Бітіруші топтардың ішіндегі біздің академияға түсем деген талапкердің сұрақтарына толығымен жауап бердік. Академия оқытушыларымен кездесуге 50-ден астам оқушы қатысып , мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларына қызығушылық танытып , белсенді сұрақтар қойды.

 Сервис және технологиялар колледжінде кездесуге 60-қа жуық адам қатысты , олар да қызығушылық танытты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия