• 28.03.2024

С Ү Й І Н Ш І!

Авторkaznai

Шіл 19, 2021

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 3 курс студенті Жұбан Ерназар 16-18 шілде аралығында Румынияның Браила қаласында өткен «Георгий Григориу (George Grigoriu» атты халықаралық поп-музыка фестивалінде 1-орынды жеңіп алды.

Ерназар Мэлсұлы бүгінде түрлі сахналардың, байқаулардың биігінен көрініп келеді:

2017 жылы Астана қаласында EXPO көрмесі қарсаңында Қазақстанның және Италияның 1200 музыканттарынан құралған үлкен ұжыммен Густав Маллердің 8 симфониясын орындаған;
2017 жылы Орал қаласында өткен облыстық «XIII Дельфий» ойындарының эстрадалық ән аталымы бойынша 1-орын иегері;
2017 жылы Самара қаласында өткен халықаралық «На крыльях музыки» байқауының 1-орын;
2017 жылы Петропавл қаласында өткен Республикалық «XIII Дельфий» ойындарының эстрадалық ән аталымы бойынша 3-орын;
2017 жылы Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың V республикалық патриоттық форумында «Мәңгілік ел – мұратым!» патриоттық әндер байқауында 2-орын иеленген;
2018жылы Оренбург қаласында өткен халықаралық «XXIX На Николаевской 2018» байқауында «Халық әні» аталымы бойынша 1-орын;
2018 жылы Оренбург қаласында өткен халықаралық «XXIX На Николаевской 2018» байқауы «Эстрада және Джаз» аталымы, 2-орын;
2018 жылы Астана қаласында өткен «Мосты согласия» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Үздік студент» жобасы аясында шығарылған «Жас қыран» атты талантты студенттердің I- кітап жинағына енген;
2019 жылы Астана қаласында өткен «Топжарған» тележобасына қатысты
2020 жылы өткен Х-фактор жобасының финалисті атанған;
2020 жылы Болгария елінің Добрич қаласында өткен халықаралық «Сарандев» вокалдық байқауына қатысып, 1-орын иеленген.

Алдағы уақытта да ән өнеріне деген талпынысыңыз артып, сахна төрінде биік белестерді бағындыра беруіңізге тілектеспіз. Осынау орайлы сәтті пайдалана отырып, қажымас қайрат, шығармашылық шабыт тілейміз!!!

#Жарайсың

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия