• 27.05.2024

«Топжарған» республикалық байқауы

Авторkaznai

Сәу 17, 2024

16.04.2024 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультетінде «Топжарған» атты талапкерлерге арналған республикалық байқауы өтті. Шығармашылық конкурстың мақсаты – әлеуетті талапкерлерді тарту және факультет мамандықтарын таныстыру болып табылады. Биылғы байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 24 қатысушы үкілі үміттерін арқалап келді. Арнайы комиссия қатысушылардың жұмыстарын бағалап, төмендегідей қорытынды шығарды.

6В02195 – «Өнертану» білім беру бағдарламасы бойынша:

Театртану бейіні:

1 орын – Темірбай Фараби

2 орын – Сатыбалды Диас

3 орын – Дәлібаева Шұғыла

Кинотану бейіні:

1 орынға лайықты жұмыс болған жоқ.

2 орын – Камет Аңсар

3 орын – Қонақбаева Азиза

Кинотеледраматургия бейіні:

1 орынға лайықты жұмыс болған жоқ.

2 орын – Дастан Кайршиев

3 орын – Ақбөпе Көпбай

Қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Барлық қатысушыларды жүлделерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия