• 31.10.2024

2021 жылдың 19 сәуір мен 23 сәуір аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясында базалық ЖОО ретінде 5В040900 «Хореография» білім беру бағдарламасы бойынша республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының II кезеңі өтті.


Байқауға алты ЖОО қатысты:

Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы,

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,

Қазақ ұлттық хореография академиясы,

Қортық ата атындағы Қызылорда университеті,

М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті,

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.


ҚР БҒМ I дәрежелі дипломымен 5B040900 «Хореография» білім беру бағдарламасы бойынша 2 курс студенті Нұрмағамбетова Медина Жабайқызы марапатталды. Ғылыми жетекшісі: өнертану кандидаты, «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының аға оқытушысы Д. Д. Уразымбетов.

ҚР БҒМ II дәрежелі дипломымен 5В040900 «Хореография» білім беру бағдарламасы бойынша 4 курс студенті Дрягина Екатерина Николаевна марапатталды. Ғылыми жетекшісі: өнер магистрі, «Хореография педагогикасы» кафедрасының оқытушысы Н. О. Меньшикова.

ҚР БҒМ III дәрежелі дипломымен 5В040900 «Хореография» білім беру бағдарламасы бойынша 2 курс студенті Ташенова Айнель Аблаевна марапатталды. Ғылыми жетекшісі: өнертану кандидаты, «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының аға оқытушысы Д. Д. Уразымбетов.

Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының студенттері мен ғылыми жетекшілерін жеңісімен құттықтаймыз! Гуманитарлық ғылымның таңғажайып және шығармашылық әлемінде белсенді жұмыс тілейміз!

Приемная комиссия