• 27.05.2024

«Қазақстанның қазіргі заманғы өнері: зерттеу серпіні мен иннтеллектуалдық инновация»

Авторkaznai

Сәу 16, 2024

«Қазақстанның қазіргі заманғы өнері: зерттеу серпіні мен иннтеллектуалдық инновация» тақырыбында ғылым апталығы өтуде

2024 жылдың сәуір айының 8-12 аралығында Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Қазақстанның қазіргі заманғы өнері: зерттеу серпіні мен иннтеллектуалдық инновация» тақырыбында ғылым апталығы өтуде. Осы ғылым апталағы аясында 10 сәуірде шығармашылық жоғары оқу орындары магистранттары арасында «Зерттеу дәстүрлері мен заманауи себепкер күштер инновациялық құралдар призмасы арқылы» тақырыбындағы Үздік постерлік баяндама IV халықаралық онлайн байқауына қатысқан «Өнертану» факультеті «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы кафедрасы» 7М02195 «Өнертану» бейіні бойынша білім алушы 2 курс магистрант Сырғабаев Санжар І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сырғабаев Санжарды ғылым жолындағы осындай жеңісімен құттықтаймыз! Биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беріңіз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия