21 желтоқсан күні Астана қаласында өткен «Жылдың үздік студенті-2024» атты Халықаралық байқауда Театр өнері факультетінің 2-курс студенті Бекболатұлы Дінмұхаммед жоғары нәтиже көрсетіп, I дәрежелі орынды иеленді.
Бұл жеңіс – студенттің қажырлы еңбегі мен талантын ғана емес, Академиямыздың білікті оқытушыларының сапалы білім беру деңгейін де дәлелдейді.
Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы Дінмұхаммедті жүрекжарды құттықтауын білдіреді! Алдағы шығармашылық жолында тек биіктерді бағындыруын және жаңа табыстарға жетуін тілейміз.