• 28.04.2024

ҚҰРМЕТТІ МЕКТЕП және КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕКТЕРІ!

Авторkaznai

Нау 19, 2024

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Өнертану» факультеті 2024 жылдың 16-18 сәуір күндері өтетін «Топжарған» атты талапкерлерге арналған республикалық байқауға қатысуға шақырады.

Байқаудың негізі мақсаты:

  • – «Өнертану» факультетіне жазушылық, сыншылық қабілеті бар дарынды жастарды тарту;
  • – кино, театр және бейнелеу өнерінің туындылары туралы насихаттауды, оларды зерттеп-зерделеп, шығармашылық-ғылыми көзқарас білдіруге құштарлық танытып жүрген және пьеса, сценарий, тележобалар жазуды армандайтын талапкерлерге өз бағын сынап көруге мүмкіндік беру;
  • – І орын алған байқау лауреаттарына Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 6В02195 – «Өнертану» ББ-ның «Өнертану», «Кинотану», «Театртану», «Кинотеледраматургия» бейіндері 2024-2025 оқу жылындағы қабылдау емтихандарына жеңілдік беріледі, яғни шығармашылық емтихан тапсырмай, тек кешенді тестілеуден ғана өтеді.
  • – жастарды қолдау және оларға шығармашылықтарын дамытуға ықпал ету;
  • – дарынды жастарды анықтап, марапаттау;

Байқауға өтінім беру және қатысуға арналған Ереже қосымша беріледі.


  • Ұйымдастырушы: Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Өнертану» факультеті.
  • Жауаптылар: Ә.Жанболат және Ғ.Жақсымбет, М.Сарыбай, З.Ыдырыс
  • Байланыс телефондары:     8 727 / 281-82-91 (деканат) 8 707 490 18 66 (Ғани Жақсымбет)
  • Электронды мекен-жай: onertanu2014@mail.ru.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия