• 02.05.2024

«Үздік постерлік баяндама» халықаралық конкурсы

Авторkaznai

Сәу 18, 2024

Жыл сайынғы Ғылым апталығы аясында шығармашылық жоғары оқу орындарының екінші курс магистранттары арасында «Үздік постерлік баяндама» халықаралық конкурсы

2024 жылдың 10 сәуірінде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ғылыми-зерттеу орталығы (Ғылыми-редакциялық бөлім Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімімен бірлесіп) Академияның жыл сайынғы ғылым апталығында шығармашылық жоғары оқу орындарының екінші курс магистранттары арасында «Үздік постерлік баяндама – 2024» халықаралық конкурсын (аралас форматта) өткізді.

ҚазҰӨА-ның ЖОО кейінгі білім беру бөлімі шетелдік ЖОО-на конкурсқа қатысуға шақыру үшін әр түрлі өнер түрлерінен постерлік баяндамалардың онлайн-конкурсы бойынша ақпараттық хаттар дайындап, жолдады. Шақыруға келесі жоғары оқу орындарының магистранттары өтінімдер берді:

1) «Туран» университеті (Алматы қ.);

2) Алтай мемлекеттік мәдениет институты (Ресей Федерациясы);

3) Ургенч мемлекеттік педагогикалық институты (Өзбекстан Республикасы);

4) Қазақ ұлттық хореография академиясы (Астана қ.);

5) Қазан мемлекеттік мәдениет институты (Ресей Федерациясы)

6) Ресей – Тәжік (Славян) университеті (Тәжікстан Республикасы).

Ақпараттық хатта магистранттардан өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі 2024 жылдың 1 сәуірін қоса алғанда белгіленді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің қызметкерлері конкурс афишасының дизайнын әзірледі. Конкурсты өткізу туралы ақпарат Академияның ресми сайтында жарияланды.

Конкурстың мақсаты: магистранттардың қазіргі заманғы мәдениет және өнер мәселелері саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін жинақтау, жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметінің инновациялық жетістіктерін көрсету.

Конкурс ашық болды және бір турда өткізілді.

Конкурсқа қатысқан магистранттардың жалпы саны: 18 адам, алайда Алтай мемлекеттік мәдениет институтынан 2 магистрант конкурсқа қатысқан жоқ.

Конкурсқа қатысушылардың тізімі, баяндамалар тақырыптары,

ғылыми жетекшілер, байланыс деректері:

        Конкурс екінші курс магистранттары арасында «Үздік постерлік баяндама» халықаралық байқауын өткізу туралы Ережеге сәйкес ZOOM платформасында аралас форматта өтті. Ректор А. Жүдебаевтың бұйрығымен Конкурстық комиссия бекітілді:

Конкурстық комиссия төрағасы:

Халыков Кабыл Заманбекович – философия ғылымдарының докторы, профессор, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры;

конкурстық комиссия мүшелері:

Майтдинова Гузель Майтдиновна – өнертану кандидаты, тарих ғылымдарының докторы, Ресей – Тәжік (славян) университетінің шетелдік аймақтану және сыртқы саясат кафедрасының профессоры (Тәжікстан Республикасы, Душанбе қ.);

Рахимов Рустамбой – педагогика ғылымдары бойынша философия докторы (PhD), Ургенч мемлекеттік педагогикалық институтының Өнертану кафедрасының доценті (Өзбекстан Республикасы, Ургенч қ.);

Грибов Сергей Сергеевич – өнертану кандидаты, Алтай мемлекеттік мәдениет институтының хореография кафедрасының доценті (Алтай өлкесі, Барнаул қ.);

Наурызбаева Альмира Бекетовна – философия ғылымдарыныңдокторы,  Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры (Алматы қ.).

конкурстық комиссия хатшысы:

Курманбаева Мария Саимжановна – Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің әдіскері (Алматы қ.).

Конкурстың модераторы:

Кульшанова Арман Айыпбековна – тарих ғылымдарының докторы, профессор, ЖОО кейінгі білім берудің ғылыми-зерттеу орталығының басшысы.

Конкурс комиссиясы қатысушыларды MS PowerPoint презентацияларымен бес минуттық баяндамаларын келесі критерийлер бойынша бағалады:

  • Ғылыми жобаның өзектілігі;
  • Ғылыми жобаның ғылыми еңбегін бағалау;
  • Жұмыстың зерттеу сипаты, зерттеудің жаңалығы өзіндік ерекшелігі мен күрделілігі;
  • Алынған нәтижелердің ғылыми және практикалық маңыздылығы;
  • Технологиялылық (зерттеу нәтижелерін оқу процесіне немесе өндіріске енгізу мүмкіндігі);
  • Баяндаманың презентабельділігі, пайымдаудың мазмұны мен орындылығы, ойлаудың өзіндік ерекшелігі;
  • Ауызша баяндау: баяндау логикасы мен айқындылығы, пайымдаудың сенімділігі;
  • Қойылған сұрақтарға жауаптардың анықтығы, арнайы терминологияны меңгеру деңгейі.

Конкурс комиссиясының шешімімен жеңімпаздарды келесідей бөлді – бір бірінші орын, екі екінші орын, үш үшінші орын.

Шығармашылық жоғары оқу орындарының екінші курс магистранттары арасында «Үздік постерлік баяндама» халықаралық онлайн-конкурсының жеңімпаздарының тізімі:

I ОРЫН:

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Сырғабаев Санжар Болатқанұлы «Прогресс сызықтары: суретші Ордабеков шығармашылығындағы стиль мен тақырыптың эволюциясы». Ғылыми жетекшісі: Оразкулова К.С. – философия ғылымдарының кандидаты, профессор;

II ОРЫН:

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Муканов Жанат Канатович «Домбыра күйлерiнiң академиялық орындаушылық ерекшелiктерi». Ғылыми жетекшісі: Алсаитова Р.К. – өнертану кандидаты, қауым.профессор;

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Наукен Мадияр Наукенұлы «Заманауи театр бағыттары: постдрамалық театр». Ғылыми жетекшісі: Сахаман А. Ж. –PhD докторы, «Актер шеберлігі және режиссура» кафедрасының аға оқытушысы;

III ОРЫН:

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Нургалиева Асель Нуржигитовна «Управление структурой инструментов кино-маркетинга в контексте позиционирования коммерческого кино на конкурентном рынке». Ғылыми жетекшісі: Мусаева А.А. – экономика ғыл.кандидаты, «Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасының доценті;

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Ақжолтай Ұлағат Нарымбекұлы «Новая парадигма в современной скульптуре Казахстана: фактор национальной идентичности». Ғылыми жетекшісі: Муканов М.Ф. – PhD докторы, «Көркемсурет» кафедрасының доценті;

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Ким Евгения Анатольевна «Некоторые аспекты определения эффективности графических интерфейсов, в контексте улучшения пользовательского опыта». Ғылыми жетекшісі: Иманбаева Ж.А. – PhD докторы, «Дизайн» кафедрасының доценті;

Конкурс туралы жаңа Ережеге сәйкес конкурс тарихында алғаш рет Конкурстық комиссия келесі номинациялар бойынша дипломдарды табыс етті:

“Музыкалық өнер” номинациясы бойынша

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Мауетбек Лунара Мауетбекқызы «Күй дәстүрін зерттеудің нарративті әдісі».

Ғылыми жетекшісі: Казыбекова Ж.А. – өнертану кандидаты, доцент;

Ургенч мемлекеттік педагогикалық институты (Өзбекстан Республикасы)

Йулдашев Сарварбек Уктамбай угли «Современные технологии и подходы в преподавании занятий по музыкальной культуре». Ғылыми жетекшісі: Рахимов Рустамбай – педагогика ғылымдары бойынша филос.ғ.д. (PhD);

«Театр өнері» номинациясы бойынша

Қазан мемлекеттік мәдениет институты (Ресей Федерациясы)

Костина Наталья Сергеевна «Роль игрового проекта «Традиции для каждого» в Доме культуры жилой массив Кадышево Республики Татарстан в приобщении подрастающего поколения к народной художественной культуре». Ғылыми жетекшісі: Цыкина Юлия Юрьевна, тарих ғыл.докторы,  этномәдени шығармашылық және музыкалық білім кафедрасының доценті;

«Кино жәнеТВ» номинациясы бойынша

«Туран» университеті (Алматы қ.)

Оразалы Даурен Нурланович «Трансформация современной 3Д анимации под влиянием классической 2Д анимации на примере творчества режиссёра Альберто Мьельго». Ғылыми жетекшісі: Көбек Г.Б. – PhD докторы, қауым.профессор.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия